Қазақстанда полиэтилен өндірісіне $7,6 млрд инвестиция тартылады

© Sputnik / Медиабанкке өтуПроизводство полиэтилена. Архивное фото
Производство полиэтилена. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Ресейлік "СИБУР" және "ҚазМұнайГаз" мұнай-химия компаниясының бірлескен кәсіпорны "Силлено" полиэтилен өндіретін газ-химия кешенінің құрылысына 7,6 миллиард доллар инвестиция тартылады.
Бұл туралы "Ірі мұнай-газ және мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында айтылған.
Жобада интеграцияланған газ-химия кешенінің қуаты 1,25 миллион тонна болады делінген. Алпауыт кәсіпорынды 2023-2028 жылдар аралығында салу жоспарланған. Қаржыландыру көзі ретінде жеке және заем қаражаттары көзделген.
Жаңалықтар
0