Медеудегі өрт: қаза болған Арслан Құрманбеков "Айбын" орденімен марапатталды

© Photo : Пресс-служба ДЧС АлматыCержант гражданской защиты Арслан Курманбеков
Cержант гражданской защиты Арслан Курманбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Президент жарлығымен Алматының іргесіндегі төтенше оқиға кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды (марқұм)", - делінген хабарламада.
Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков – азаматтық қорғаныс сержанты
1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған.
Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші, аға өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, 8 мамырда Арслан Құрманбеков Іле-Алатау табиғи паркінің тау бөктеріндегі өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Алматы ТЖ департаментінің қызметкері Арслан Құрманбековтің үстіне жанып жатқан ағаш құлаған.
Жаңалықтар
0