https://sputnik.kz/20230516/enbek-ministrligi-yandekstaksi-arqyly-zhumyspen-qamtu-zhobasyn-iske-asyruga-kiristi-34939166.html
Еңбек министрлігі "Яндекс.Такси" арқылы жұмыспен қамту жобасын іске асыруға кірісті
Еңбек министрлігі "Яндекс.Такси" арқылы жұмыспен қамту жобасын іске асыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып... 16.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-16T14:24+0500
2023-05-16T14:24+0500
2023-05-16T14:24+0500
яндекс
такси
жұмыспен қамту
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362314_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_bf47296206cc83358d1034a6b37be497.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Жоба интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартуды көздейді. Осындай интернет-платформалардың бірі – "Яндекс.Таксимен" тиісті келісімге қол қойылған."Яндекс" интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады. Ол үшін Азаматтарға "e-salyq Business"мобильді қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді.Интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізеді.Жоғарыда аталған тетіктерді іске асыру мақсатында қазіргі уақытта "Яндекс.Такси" және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.Сонымен қатар Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту жолымен "Яндекс.Такси" мобильді қосымшасында тіркелу рәсімін жеңілдету жоспарлануда.2023 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жоба толық іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362314_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_d6ac576fe29436eeaa1f577be29b621f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
яндекс, такси, жұмыспен қамту
яндекс, такси, жұмыспен қамту
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жоба интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартуды көздейді. Осындай интернет-платформалардың бірі – "Яндекс.Таксимен" тиісті келісімге қол қойылған.
"Яндекс" интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады. Ол үшін Азаматтарға "e-salyq Business"мобильді қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.
"Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына ("Яндекс.Такси") жүктеледі", - делінген хабарламада.
Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді.
Интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізеді.
Жоғарыда аталған тетіктерді іске асыру мақсатында қазіргі уақытта "Яндекс.Такси" және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту жолымен "Яндекс.Такси" мобильді қосымшасында тіркелу рәсімін жеңілдету жоспарлануда.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жоба толық іске қосылады деп жоспарланып отыр.