Екібастұзда оқ атылды – бір адам ауруханаға түсті

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Екібастұз қаласында ер адамға оқ атқан бір күдікті ұсталды. Екіншісіне іздеу жаряланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 15 мамырда кешкі сағат 17:40 шамасында полиция бөліміне Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында көмек сұрап жатқан әйел туралы хабарлама түскен. Сол жерге дереу жедел тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарап шықты.
"Белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0