https://sputnik.kz/20230515/zhylu-zhelisindegi-apat-oraldyn-iri-audanynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy-34911298.html
Жылу желісіндегі апат: Оралдың ірі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жылу желісіндегі апат: Оралдың ірі ауданында төтенше жағдай жарияланды
ОРАЛ, 15 мамыр - Sputnik. Орал қаласындағы ірі аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды. Апат Мөңкеұлы шағын ауданының қазандығында болды. Бұл қазандық 18... 15.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-15T21:28+0600
2023-05-15T21:28+0600
2023-05-15T21:28+0600
өңірлер
орал
су
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/old/1071/22/10712263_0:0:3078:1731_1920x0_80_0_0_505ae22dd2b45dbab8caab063d48d9e5.jpg
ОРАЛ, 15 мамыр - Sputnik. Орал қаласындағы ірі аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды. Апат Мөңкеұлы шағын ауданының қазандығында болды. Бұл қазандық 18 көпқабатты үйге жылу мен ыстық су береді. Апат салдарынан тұрғындар ала жаздай ыстық су көрмеуі мүмкін. "Біз апатты "Жайықтеплоэнерго" АҚ күшімен жойдық. Бірақ бұл мәселені шешпейді. 3 қазандықтың жылу желілері апатты деп танылды, оларды жөндеуге 500-600 миллион теңге қажет. Қазір біз жобалық-сметалық құжат жасаймыз. Аптаның соңына дейін оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қаражат бөлінеді", - қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев. Қала әкімінің айтуынша, мәселе әу баста шағын ауданды жоспарлау кезінде дұрыс шешілмеген. Құрылысы 2010 жылы басталған кезде дренаждар қарастырылмаған. Жауын-шашын мен қар еріген кезде құбырлар суда қалған, салдарынан құбырларды тот басып, шіріп кеткен. Кесірінен осы қыста 50-ден астам апат болды. Мәселені шешу үшін 2,5 мың метр жылу желілері мен ыстық су құбырларын ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, жылыту маусымы басталардан тек бір ай бұрын ғана аяқталады деп жоспарланып отыр. Оған дейін 18 көппәтерлі үй, яғни 3,5 мың абонент ыстық сусыз қалады.
https://sputnik.kz/20230427/enesimen-kelise-almagan-oralda-balasyn-qoqysqa-tastagan-ayelge-qatysty-tyn-derek-shyqty-34364068.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1071/22/10712263_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e3cf08f96447cc55868c465c53fd2138.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
орал, су
Жылу желісіндегі апат: Оралдың ірі ауданында төтенше жағдай жарияланды
ОРАЛ, 15 мамыр - Sputnik. Орал қаласындағы ірі аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды. Апат Мөңкеұлы шағын ауданының қазандығында болды. Бұл қазандық 18 көпқабатты үйге жылу мен ыстық су береді.
Апат салдарынан тұрғындар ала жаздай ыстық су көрмеуі мүмкін.
"Біз апатты "Жайықтеплоэнерго" АҚ күшімен жойдық. Бірақ бұл мәселені шешпейді. 3 қазандықтың жылу желілері апатты деп танылды, оларды жөндеуге 500-600 миллион теңге қажет. Қазір біз жобалық-сметалық құжат жасаймыз. Аптаның соңына дейін оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қаражат бөлінеді", - қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Қала әкімінің айтуынша, мәселе әу баста шағын ауданды жоспарлау кезінде дұрыс шешілмеген. Құрылысы 2010 жылы басталған кезде дренаждар қарастырылмаған.
Жауын-шашын мен қар еріген кезде құбырлар суда қалған, салдарынан құбырларды тот басып, шіріп кеткен. Кесірінен осы қыста 50-ден астам апат болды.
Мәселені шешу үшін 2,5 мың метр жылу желілері мен ыстық су құбырларын ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, жылыту маусымы басталардан тек бір ай бұрын ғана аяқталады деп жоспарланып отыр.
Оған дейін 18 көппәтерлі үй, яғни 3,5 мың абонент ыстық сусыз қалады.