https://sputnik.kz/20230515/toqaevtyn-toragalygymen-qauipsizdik-kenesinin-otyrysy-otti-34909904.html
Тоқаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Тоқаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. 15.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-15T18:21+0500
2023-05-15T18:21+0500
2023-08-09T10:00+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
қауіпсіздік кеңесі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0f/34909419_172:0:3813:2048_1920x0_80_0_0_076ecc558c6192566bbb5c20c9dd0d1f.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді. Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті. "Соңғы жылдары көптеген ел үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, "жасыл" экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек", – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды. Президент экономиканың барлық саласында, әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде суды үнемді пайдалану және су шығынын азайту үшін жүйелі тәсілдер қажет екеніне тоқталды. Себебі тоғандардың және су ресурстары шығынының негізгі бөлігі осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Су үнемдейтін технологияны енгізу және суды тиімді тұтынуды экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын дамытумен қатар, су шаруашылығы инфрақұрылымын, атап айтқанда, суды пайдалану мөлшерін есептеу, мониторинг жүргізу және болжам жасау ісін цифрландырудың өзектілігі артып келеді. Президент үкіметке экология мен су салаларындағы ғылыми және кадрлық әлеуетті күшейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 2030 жылға дейін кезеңде су ресурстарын бағалау саласында мақсатты ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Оның нәтижесі су саласын басқаруда ескеріледі. Жиын соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды бағыты саналатын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0f/34909419_627:0:3358:2048_1920x0_80_0_0_ad891c0351282760aa4be90d5363c5a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қауіпсіздік кеңесі
қасым-жомарт тоқаев, қауіпсіздік кеңесі
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді.
Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті.
"Соңғы жылдары көптеген ел үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, "жасыл" экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды.
Президент экономиканың барлық саласында, әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде суды үнемді пайдалану және су шығынын азайту үшін жүйелі тәсілдер қажет екеніне тоқталды. Себебі тоғандардың және су ресурстары шығынының негізгі бөлігі осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.
Су үнемдейтін технологияны енгізу және суды тиімді тұтынуды экономикалық тұрғыда ынталандыру шараларын дамытумен қатар, су шаруашылығы инфрақұрылымын, атап айтқанда, суды пайдалану мөлшерін есептеу, мониторинг жүргізу және болжам жасау ісін цифрландырудың өзектілігі артып келеді.
Президент үкіметке экология мен су салаларындағы ғылыми және кадрлық әлеуетті күшейту үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 2030 жылға дейін кезеңде су ресурстарын бағалау саласында мақсатты ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Оның нәтижесі су саласын басқаруда ескеріледі.
Жиын соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды бағыты саналатын су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берілді.