https://sputnik.kz/20230515/shoshyngany-sonshalyq-soyley-almay-qaldy-almatyda-akesi-kishkentay-balasyn-soqqyga-zhyqty-34896673.html
"Шошынғаны соншалық, сөйлей алмай қалды": Алматыда әкесі 6 жасар баласын соққыға жықты
"Шошынғаны соншалық, сөйлей алмай қалды": Алматыда әкесі 6 жасар баласын соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда әкесі баласын аяусыз соққыға жыққан. Жәбір көрген баланың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып... 15.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-15T14:42+0500
2023-05-15T14:42+0500
2023-05-15T14:42+0500
оқиға
алматы
әке
бала
соққы
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда әкесі баласын аяусыз соққыға жыққан. Жәбір көрген баланың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оқиға 23 сәуірде болған. "Мен жұмыста болған кезде ұлымды бұрынғы күйеуіме қалдырдым. Өйткені әкеме барамын, сол үйге қонамын деп сұранды. Ұлым көшеге шығып, көрші баламен ойнап жүріп, бір баламен сөзге келіп қалады. Сол кезде күйеуім баланы ұра бастайды. Онымен қоймай баланы үйге сүйреп апарып, белбеумен соққан. Бұның бәрін маған көршілер айтты", - дейді жәбір көрген баланың анасы Зульфия Байгесенова. Жұмыстан таксилетіп құстай ұшқан анасы полиция шақырған. Үйге кірген ол баласының түрін көріп, шошып кеткен"Бала шошынғаны соншалық, тіпті, сөйлей алмай қалған. Денесінде сау жер жоқ. Күйеуімнен сонша неге ұрдың деп сұрадым, сөйтсем ол "жаман сөз айтты" дейді. Баланың денесі көк-ала қойдай боп көгеріп кеткен. Мен баламды ауруханаға апардым. Дәрігерлер миы шайқалған деп диагноз қойды. Полиция "жеңіл дене жарақаты, 38 мың айыппұл төлейді" дейді. Сонда ол қатаң жаза алу үшін баланы өлтіру керек пе еді?", - дейді Зульфия Байгесенова. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі өзін осылай ұра бергендіктен, ақыры екеуі ажырасып тынған. Ал полиция қатыгез әкенің мәселесі сотта қаралады деп отыр. "Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіні Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Шешім қабылдау үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберіледі. Сондай-ақ Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша материал дайындады", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20230427/enesimen-kelise-almagan-oralda-balasyn-qoqysqa-tastagan-ayelge-qatysty-tyn-derek-shyqty-34364068.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы бала әке ребенок отец соққы
алматы бала әке ребенок отец соққы
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда әкесі баласын аяусыз соққыға жыққан. Жәбір көрген баланың анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оқиға 23 сәуірде болған.
"Мен жұмыста болған кезде ұлымды бұрынғы күйеуіме қалдырдым. Өйткені әкеме барамын, сол үйге қонамын деп сұранды. Ұлым көшеге шығып, көрші баламен ойнап жүріп, бір баламен сөзге келіп қалады. Сол кезде күйеуім баланы ұра бастайды. Онымен қоймай баланы үйге сүйреп апарып, белбеумен соққан. Бұның бәрін маған көршілер айтты", - дейді жәбір көрген баланың анасы Зульфия Байгесенова.
Жұмыстан таксилетіп құстай ұшқан анасы полиция шақырған. Үйге кірген ол баласының түрін көріп, шошып кеткен
"Бала шошынғаны соншалық, тіпті, сөйлей алмай қалған. Денесінде сау жер жоқ. Күйеуімнен сонша неге ұрдың деп сұрадым, сөйтсем ол "жаман сөз айтты" дейді. Баланың денесі көк-ала қойдай боп көгеріп кеткен. Мен баламды ауруханаға апардым. Дәрігерлер миы шайқалған деп диагноз қойды. Полиция "жеңіл дене жарақаты, 38 мың айыппұл төлейді" дейді. Сонда ол қатаң жаза алу үшін баланы өлтіру керек пе еді?", - дейді Зульфия Байгесенова.
Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі өзін осылай ұра бергендіктен, ақыры екеуі ажырасып тынған. Ал полиция қатыгез әкенің мәселесі сотта қаралады деп отыр.
"Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіні Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Шешім қабылдау үшін іс жүргізу материалдары сотқа жіберіледі. Сондай-ақ Бостандық ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша материал дайындады", - дейді ведомство.