Шекара қызметінің экс-басшысы Ділмановтың ісі әлі тергеліп жатыр – ҰҚК

© Sputnik / Жания УранкаеваДархан Ділманов
Дархан Ділманов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жазылу
Ділманов былтыр жазда ұсталған болатын
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділмановтің ісі әлі сотқа жеткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Іс тергеліп жатыр. Сотқа барған жоқ. Танысу кезеңінде", - деп қысқа қайырды Қалқабаев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Айтуынша, қылмыстық істі ҰҚК тергеу департаменті тергеп жатыр.
Еске салсақ, былтыр маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Дархан Ділманов ұсталғанын хабарлаған болатын. Одан бөлек шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар қамауға алынған.
Самат Әбіш - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
ҰҚК төрағасының орынбасары: біз Самат Әбішті бақылап жүрген жоқпыз
Жаңалықтар
0