Қалқабаев: Мәсімов қажетті шешім қабылдамағаны үшін сотталды

© Sputnik / Владислав ВодневКәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жазылу
Қалқабаевтың сөзіне сенсек, қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімов ешқандай бұйрық бермеген
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде қажетті шешім қабылдамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тергеу барысында бәрі анықталды. Әрине, мен көп нәрсе айта алмаймын. Бірақ бұйрық болған жоқ. Ол кісі жай ғана шешім қабылдамаған. Бірінші басшы қабылдауға тиіс шешімдерді қабылдамаған. Бар болғаны сол. Сол себепті де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді Қалқабаев мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Ол Мәсімовтің ісі "өте құпия" екенін, сондықтан халық істің мән-жайын ешқашан біле алмайтынын атап өтті.
"Іс "өте құпия". Біз енді құпияны жария етпейміз ғой? Толық ақпарат болмайтын шығар", - деді Қалқабаев.
Сондай-ақ ол Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым, кейін кассациялық шағым түсіруге құқылы екенін айтты. Осы уақытқа дейін ҰҚК экс басшысы тергеу изоляторында отырады. Алайда Қалқабаев Мәсімов үкімге шағымдану құқығын пайдаланды ма деген сұраққа жауап бере алмады.
Бұған дейін бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлері Кәрім Мәсімовтің нұсқауымен қызметтік ғимараттарды тастап кеткенін мәлімдеген еді.
Самат Әбіш - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
ҰҚК төрағасының орынбасары: біз Самат Әбішті бақылап жүрген жоқпыз
Жаңалықтар
0