Ойын кезінде ауыр жарақат алған "Қайрат" футболшысы жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : Фото: instagram/f.c.kairatматч
матч - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев Қазақстан премьер-лигасы матчында "Ақтөбемен" болған ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Футболшыға ота жасалды. Оқиға Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев "Ақтөбенің" шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған.
"Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы дәрігерлердің қатаң бақылауында", – делінген алматылық клубтың мәлімдемесінде.
Ойын аяқталғаннан кейін алматылықтардың бапкері Кирилл Кекер бұл жеңістің жарақат алған ойыншыға арналатынын айтты.
Футбольные ворота - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Теміртауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап кетті
Жаңалықтар
0