https://sputnik.kz/20230515/endi-mugedektik-boyynsha-zhardemaqyny-1-kun-ishinde-aluga-bolady-34886555.html
Енді мүгедектік бойынша жәрдемақыны 1 күн ішінде алуға болады
Енді мүгедектік бойынша жәрдемақыны 1 күн ішінде алуға болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік... 15.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-15T11:23+0500
2023-05-15T11:23+0500
2023-08-09T09:45+0500
қоғам
жәрдемақы
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0f/34886391_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e5a83b7851248b1c11627f4f39cb8bb5.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін толығымен автоматтандырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл аталған қызмет түрін көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.Бұған дейін бұл қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" қызметкерлері көрсететін және оның мерзімі 8 жұмыс күні болатын. Осы жылдың ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды, бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды. Мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.Қазірдің өзінде жаңа жеңілдетілген тәртіп бойынша осы қызмет түрін 244 адам пайдаланған.Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.Еске сала кетейік, наурыз айында дәл осындай қағида бойынша "Алтын алқа" немесе "Күміс алқамен" марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау автоматтандырылды. Бұл қызмет көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың соңына дейін бұл тәсілді тағы 2 басқа мемлекеттік қызмет бойынша іске асыру жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20230329/qyrkuyekten-bastap-ush-sanat-boyynsha-zhardemaqy-osedi--toqaev-tapsyrma-berdi-33369755.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0f/34886391_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_bcdf3884c9c399e5a1d475747bb087fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы автоматтандыру хқко
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақы автоматтандыру хқко
Енді мүгедектік бойынша жәрдемақыны 1 күн ішінде алуға болады
11:23 15.05.2023 (жаңартылды: 09:45 09.08.2023) АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін толығымен автоматтандырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл аталған қызмет түрін көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұған дейін бұл қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" қызметкерлері көрсететін және оның мерзімі 8 жұмыс күні болатын. Осы жылдың ақпан айында аталған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті қарау автоматтандырылды, бұл 4 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Келесі кезең адами факторды толығымен алып тастау болды. Мамыр айының басынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.
Қазірдің өзінде жаңа жеңілдетілген тәртіп бойынша осы қызмет түрін 244 адам пайдаланған.
Қызметті проактивті форматта 1414 бір ғана SMS-хабарламасына жауап беру, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім беру және банк шотын растау арқылы алуға болады. Қызмет көрсету үшін барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.
Еске сала кетейік, наурыз айында дәл осындай қағида бойынша "Алтын алқа" немесе "Күміс алқамен" марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау автоматтандырылды. Бұл қызмет көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы жылдың соңына дейін бұл тәсілді тағы 2 басқа мемлекеттік қызмет бойынша іске асыру жоспарланып отыр.