Алматылықтар DamuBala бағдарламасына шағымданып отыр - олар әкімдік алдында жиналды
© Sputnik/Ертай СарбасовДаму Бала
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Кейбір алматылық балалар DamuBala бағдарламасы бойынша тегін үйірмелерге қатыса алмады
АЛМАТЫ, 15 мамыр - Sputnik. Алматыда DamuBala мемлекеттік бағдарламасына ілінбей қалған балалардың ата-анасы қала әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik/Ертай СарбасовКейбір алматылық балалар DamuBala бағдарламасы бойынша тегін үйірмелерге қатыса алмады
Кейбір алматылық балалар DamuBala бағдарламасы бойынша тегін үйірмелерге қатыса алмады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Олар бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайтуды және балаларды тегін үйірме және бөлімдермен қамтамасыз етуді сұрайды. Бұған дейін балалар "Артспорт" бағдарламасы арқылы тегін үйірмелерге жазылған, биыл оның орнына DamuBala іске қосылды.
22 мың орынды бөлу үшін биыл 3 және 10 мамырда өтінімдер екі кезеңде қабылданып, екі ретте де жүйе дұрыс жұмыс істемеді, деп шағымданды алматылықтар.
Алматы тұрғыны Айнұр Оразымбетова үш бала тәрбиелеп отыр. Үшеуін де ақылы үйірмеге беруге мүмкіндігі жоқ отбасы, ең болмаса, бір баласын тегін үйірмеге жібергісі келген.
"Орын алу немесе жеткізушіні таңдау былай тұрсын, сайтты ашу мүмкін болмады. Екінші күні де солай, тіркейік деп едік сайт ашылмады. Кезекке тұра алмаған балаларға, сондай-ақ кезекке тұрған, бірақ үйірмелерге баруға орын жетпеген балаларға мүмкіндік беруді сұраймыз", - дейді әйел.
Тағы бір қала тұрғыны Ольга Аринбасарова ата-аналар мен балалар ваучерлер таратуды асыға күткенін атап өтті. Оның ұлы басқа бөлімге ауысқысы келіп, ваучері архивте қалған. Алайда, оның айтуынша, жаңа платформаға көшу кезінде олардың кезегі сақталмаған.
"Бағдарлама ұсынушыларына басқа бөлімдер мен үйірмелерге ауысқысы келетін балаларды басқа үйірмеге ауысқан кезде орнын сақтау ұсынылды. Баланың аты - бала. Бүгін бокспен айналысқысы келеді, ертең сурет салады, келесі күні ән айтқысы келеді. Сондықтан барлығы ваучерлер таратылатын сәтті күтті", - дейді Ольга Аринбасарова.
© Sputnik / Камшат Абдирайым"Барлығы ваучерлер таратылатын сәтті күтті", - дейді Ольга Аринбасарова.
"Барлығы ваучерлер таратылатын сәтті күтті", - дейді Ольга Аринбасарова.
© Sputnik / Камшат Абдирайым
Ол бағдарлама туралы толық ақпарат болмағанына ашуланып, Алматы әкімдігіне келді.
"Қанша бала кезекке тұрды? деген сауал қойғымыз келеді. Себебі мемлекеттік тапсырыс операторы өзінің жеке кабинетінде нақты жағдайды көруге тиіс. Екіншісі - олардың қаншасы жаңа ваучер алды және қанша ваучер беруді жоспарлап отыр?", - дейді Ольга Аринбасарова.
DamuBala порталын әзірлеуші Qaztiqet компаниясы порталға бір уақытта жүздеген өтініш түскендіктен, жүйеде ақау болғанын айтты.
Компания өкілі Сәуле Жұмажанованың айтуынша, DamuBala порталына серверлік қоймаларды ұсынатын компанияда өтініш тапсырудың бірінші кезеңінде электр энергиясымен проблема болған. Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал өтінімнің екінші кезеңінде жүйеде қайталанатын біржолғы сұраныстардың саны секундына 600 мыңнан асқан.
© Sputnik / Камшат Абдирайым"Бізге ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын елемеуге болмайды", - деп түсіндіреді Сәуле Жұмажанова
"Бізге ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын елемеуге болмайды", - деп түсіндіреді Сәуле Жұмажанова
© Sputnik / Камшат Абдирайым
"Кезек басталған кезде біз жүктемелік тестілеуден өттік. Бізге ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын елемеуге болмайды. Іске қосу кезінде бір секундта өтінімдердің рекордтық санын тіркедік. Бір секундта 600 мың сұраныс болған кезде, жүйе оны қауіп ретінде қабылдай бастайды. Тиісінше, ол серверді бұғаттап тежейді", - деп түсіндіреді Сәуле Жұмажанова.
Сәуле Жұмажанова әр жағдай бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұраныс жіберілгенін айтты.
Неліктен үйірмедегі орындар аудандар бойынша біркелкі бөлінбейді
ArtSportEdu жеткізушілер қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлжан Түсібиянова мәселе бағдарламаны іске асыру құқығын аудан әкімдіктеріне беруден басталды деп есептейді. Ал басқа өңірлерде бағдарлама орталықтандырылған түрде жұмыс істейді.
"Наурызбай ауданында ата-аналар 69 бала кетіп қалды, тек 69 орын берілді, жаңа орындар берілген жоқ деп шағымданып жатыр. Шын мәнінде, жүйе осылай жұмыс істеуі кере. Мәселен екі адам кетсе, орнына тек екі адам келе алады", – дейді Гүлжан Түсібиянова.
© Sputnik / Камшат Абдирайым"Мәселе бағдарламаны іске асыру құқығын аудан әкімдіктеріне беруден басталды деп есептейді Гүлжан Түсібиянова
"Мәселе бағдарламаны іске асыру құқығын аудан әкімдіктеріне беруден басталды деп есептейді Гүлжан Түсібиянова
© Sputnik / Камшат Абдирайым
Бүгінгі таңда DamuBala бойынша 22 781 ваучер таратылды. Бұл қосымша қаржыландыру емес, мысалы, баланы басқа қалаға көшіру, үйірмеден немесе секциялардан шығару, ваучерден бас тарту, сырқаты бойынша баланың болмауы және т.б. босаған орындар.
2023 жылы Алматы әкімдігі жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 миллиард теңге бөлді. оның ішінде 30 495 – спорт секцияларына, 35 244 – шығармашылық үйірмелерге бағытталады.