Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғап қалды – нокауттың видеосы

© PhotoЖанибек Алимханулы
Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Жазылу
12 раундқа есептелген титулдық жекпе-жек 14 мамырға қараған түні АҚШ-тың Стоктон қаласындағы Stockton Arena-да өтті
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.
Qazaq Style жоғары деңгейде өнер көрсетті – титулдық жекпе-жек 12 раундқа есептелді, бірақ Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, оны әлдеқайда ерте аяқтады.
Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі он төртінші жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін осымен екінші рет қорғап қалды.
Жаңалықтар
0