https://sputnik.kz/20230514/turkiyada-prezident-saylauy-otip-zhatyr-34870448.html
Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр
Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр
Сауатсыз сайлаушыларға таңдау жасауға туыстары көмектесе алады 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T14:00+0600
2023-05-14T14:00+0600
2023-05-14T14:00+0600
түркия
президент сайлауы
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34869608_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_332697c7aff82b105bdbcec6f93ca91f.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр.Елдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00-де) ашылып, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді, деп жазды Hurriyet газеті.Басылым сайлаушыларға арналған жадынама жариялады. Құжатта Түркияның сауатсыз азаматтары сайлауда туыстарынан көмек сұрай алады деп жазылған.Жоғары сайлау комиссиясының мәліметінше 81 провинцияда 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылған. 60 миллион 721 мың азамат сайлау құқығына ие.Шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру 27 сәуір мен 9 мамыр аралығында өтті. Оған 1,8 миллионнан астам адам қатысты. Түркияның 73 елдегі өкілдіктеріне сайлауға қатысу көрсеткіші 53%-тен асып, рекордтық көрсеткішке жеткені айтылды.Сайланған президент 5 жыл ел басқару қызметін атқарады.Президенттікке үш үміткер – "Әділет және даму партиясынан" елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған, алты оппозициялық партияның бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдароғлы және Ata альянсынан Синан Оган сайлауға түсіп жатыр.Парламент сайлауына 24 саяси партия мен 151 тәуелсіз кандидат қатысып жатыр.Сайлау нәтижесі 19 мамырда жарияланады. Егер бірінші турда президентті сайлай алмаса, дауыс берудің екінші кезеңі 28 мамырда өтеді.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34869608_490:0:3221:2048_1920x0_80_0_0_7168b3c41fa8f53a67ed971dc30e31a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркия, президент сайлауы
түркия, президент сайлауы
Түркияда президент сайлауы өтіп жатыр
Сауатсыз сайлаушыларға таңдау жасауға туыстары көмектесе алады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр.
Елдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00-де) ашылып, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді, деп жазды Hurriyet газеті.
Басылым сайлаушыларға арналған жадынама жариялады. Құжатта Түркияның сауатсыз азаматтары сайлауда туыстарынан көмек сұрай алады деп жазылған.
Жоғары сайлау комиссиясының мәліметінше 81 провинцияда 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылған. 60 миллион 721 мың азамат сайлау құқығына ие.
Шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру 27 сәуір мен 9 мамыр аралығында өтті. Оған 1,8 миллионнан астам адам қатысты. Түркияның 73 елдегі өкілдіктеріне сайлауға қатысу көрсеткіші 53%-тен асып, рекордтық көрсеткішке жеткені айтылды.
Сайланған президент 5 жыл ел басқару қызметін атқарады.
Президенттікке үш үміткер – "Әділет және даму партиясынан" елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған, алты оппозициялық партияның бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдароғлы және Ata альянсынан Синан Оган сайлауға түсіп жатыр.
Парламент сайлауына 24 саяси партия мен 151 тәуелсіз кандидат қатысып жатыр.
Сайлау нәтижесі 19 мамырда жарияланады. Егер бірінші турда президентті сайлай алмаса, дауыс берудің екінші кезеңі 28 мамырда өтеді.