https://sputnik.kz/20230514/atyrau-oblysynyn-turgyndary-qurylys-kompaniyasyn-sotqa-bermek-34869464.html
Атырау облысының тұрғындары құрылыс компаниясын сотқа бермек
Атырау облысының тұрғындары құрылыс компаниясын сотқа бермек
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Атырау облысы тұрғындарының элиталы үйден сатып алған пәтері сын көтермейді, деп хабарлады Almaty.tv. 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T12:25+0500
2023-05-14T12:25+0500
2023-05-14T12:25+0500
атырау облысы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Атырау облысы тұрғындарының элиталы үйден сатып алған пәтері сын көтермейді, деп хабарлады Almaty.tv.Жұрт осыдан 2 жыл бұрын қаладағы ең қымбат тұрғын үй кешенінен баспана алған. Алайда қуанышы ұзаққа созылмапты. Өйткені жобада көрсетілген архитектуралық нысандар іс жүзінде жоқ, тек қағаз бетіндегі сызба күйінде қалған. Тұрғындар миллиондап қаржы құйған үйдің сапасыз болғанына наразы. Ойын алаңы көпке шыдамай қирап қалған. Соның салдарынан балалар бірнеше рет жарақат алған.Тұрғындардың айтуынша, жобада үй ауласына шлагбаум қойылуға тиіс болған. Әрі футбол алаңы жасалып, бірнеше ойын алаңы болуы қажет еді. Ал үйдің маңайына түгелдей жасыл желек отырғызылуы керек болған. Бірақ ойын алаңы қирап, құлап жатыр. Бұл балалардың өміріне қауіп төндіріп тұр."Бізге 682 ағаш отырғызылады, футбол алаңы салынады деген еді. Қазір ешқандай футбол алаңы жоқ", – дейді қала тұрғыны Айман ДәулетияроваАшулы тұрғындар мердігер компанияның кеңсесіне барды. Бірақ есікті тарс жапқан мекеме өкілдері телефонға да жауап бермеді. Ал құрылысқа жауаптылар тексеру барысында компания сыртқы архитектуралық жобаға бөлінген қаржыны құбырды жөндеуге жұмсағанын анықтаған. Енді ауланы абаттандыруға қаражат жоқ көрінеді."Біздің басқарма тарапынан тұрғын үй салған компания да, қаланың құрылыс бөлімі де жауапқа тартылып отыр. Басқарма тарапынан шара қолданылды және нұсқаулық берілді. Енді келісімшарт талабы орындалмағандықтан, сот арқылы реттеуге тура келеді", – деді Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Әсет СембаевДіңкесі әбден құрыған бұқара енді уәдесін орындамаған құрылыс компаниясын сотқа бермек. Әрі салған ақшасының тең жартысын өндіріп алмақ.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, құрылыс
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Атырау облысы тұрғындарының элиталы үйден сатып алған пәтері сын көтермейді, деп хабарлады
Almaty.tv.
Жұрт осыдан 2 жыл бұрын қаладағы ең қымбат тұрғын үй кешенінен баспана алған. Алайда қуанышы ұзаққа созылмапты. Өйткені жобада көрсетілген архитектуралық нысандар іс жүзінде жоқ, тек қағаз бетіндегі сызба күйінде қалған. Тұрғындар миллиондап қаржы құйған үйдің сапасыз болғанына наразы. Ойын алаңы көпке шыдамай қирап қалған. Соның салдарынан балалар бірнеше рет жарақат алған.
"20-30 мың теңгеге темірмен жасап қойған. Әрбір үйде бала бар, ойын алаңы шіріп кеткен, қоқыс жәшігінің сапасы өте төмен. Жел бола қалса, бәрі құлайды", – дейді қала тұрғыны Әліби Байжанов.
Тұрғындардың айтуынша, жобада үй ауласына шлагбаум қойылуға тиіс болған. Әрі футбол алаңы жасалып, бірнеше ойын алаңы болуы қажет еді. Ал үйдің маңайына түгелдей жасыл желек отырғызылуы керек болған. Бірақ ойын алаңы қирап, құлап жатыр. Бұл балалардың өміріне қауіп төндіріп тұр.
"Бізге 682 ағаш отырғызылады, футбол алаңы салынады деген еді. Қазір ешқандай футбол алаңы жоқ", – дейді қала тұрғыны Айман Дәулетиярова
Ашулы тұрғындар мердігер компанияның кеңсесіне барды. Бірақ есікті тарс жапқан мекеме өкілдері телефонға да жауап бермеді. Ал құрылысқа жауаптылар тексеру барысында компания сыртқы архитектуралық жобаға бөлінген қаржыны құбырды жөндеуге жұмсағанын анықтаған. Енді ауланы абаттандыруға қаражат жоқ көрінеді.
"Біздің басқарма тарапынан тұрғын үй салған компания да, қаланың құрылыс бөлімі де жауапқа тартылып отыр. Басқарма тарапынан шара қолданылды және нұсқаулық берілді. Енді келісімшарт талабы орындалмағандықтан, сот арқылы реттеуге тура келеді", – деді Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Әсет Сембаев
Діңкесі әбден құрыған бұқара енді уәдесін орындамаған құрылыс компаниясын сотқа бермек. Әрі салған ақшасының тең жартысын өндіріп алмақ.