Конституциялық сотқа ай сайын 500-ден астам азамат жүгінеді

© PhotoГлава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда
Глава государства провел встречу с судьями Конституционного Суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Биылғы жылдың басынан бері Конституциялық сотқа 2,7 мың өтініш түсті, деп хабарланған ведомствоның ресми сайтында.
Келіп түскен өтініштің 25%-і заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесіне қатысты.
"Талдау көрсеткендей, азаматтар жолдаған өтініштердің 99%-і мына мәселелерге қатысты болған: сот шешімдерімен келіспеушілік – 42%; НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституцияға сәйкес емес деп тану - 25%; ақпаратқа қол жеткізу мәселелері – 3,5%; еңбек заңнамасының сақталуы – 1,3%; әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері – 1,4%; қылмыстық-атқару жүйесі -1,4%", - деп жазылған хабарламада.
Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары, Қостанай, Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарының тұрғындары көш басып тұр.
Бірінші айда Конституциялық сотқа 826 өтініш келіп түсті, олардың көбі заң талаптарына сәйкес келмеген.
"Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, оның ішінде заңгерлік қоғамдастықпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініштердің сапасы оң жаққа өзгерді. Оған конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер дәлел бола алады. Қазіргі таңда 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалды, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде жатыр", - деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.
Өтініштер статистикасына сәйкес, ай сайын Конституциялық сотқа орта есеппен 500-ден астам азамат жүгінген. Атап айтқанда, ақпанда – 680, мамырда – 536 және сәуірде – 568.
Конституциялық Сот жұмысын бастағалы 4 айда 11 нормативтік қаулы шығарылса, оның 8-і азаматтардың өтінішіне қатысты болған.
Жаңалықтар
0