Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Северо-Казахстанской области Крупный пожар в Петропавловске
Крупный пожар в Петропавловске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті.
Оқиға түнгі сағат 00:20 шамасында болды. Ататүрік көшесіндегі 5 қабаттың үйдің 300 шаршы метр шатыры толықтай өртеді. Өрт орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйден 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген. Өрт толығымен сөндірілді.
"Зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0