Астанадан 100 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз шығарудың жолы кесілді

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астанадан декларацияланбаған 100 миллион теңгеден астам қолма-қол ақшаны алып шығуға әрекет жасалды, деп хабарлайды Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Әуежай Астана" өткізу бекетінде 100 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып шығу фактілерін анықтады. Сондай-ақ тазартылған алтынның 1 құймасын алып шығу әрекетінің жолы кесілді.
Мәселен, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген шаралардың нәтижесінде Астана–Анталия рейсін кедендік бақылаудан өткізу кезінде азамат ұсталды. Ол адамнан жауап алу және багажды тексеру кезінде 118 392 доллар, 28 750 рубль, 92 885 еуро көлемінде декларацияланбаған қолма-қол ақша анықталды.
ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Экономика
Қазақстаннан Ресейге жіберілген ақша аударымы бірден 69%-ке артты
Жаңалықтар
0