Алматыда курьер мопедпен полиция қызметкерін қағып кетті

© Photo : christelsМотоцикл
Мотоцикл - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды.
Оқиға кеше күндізгіі сағат төрт шамасында Алматының Медеу ауданында болды.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына каска кимеген мопед жүргізушісін байқап қалдық. Тоқтау туралы бұйрықты орындамады. Керісінше, жоғары жылдамдықпен жеп үйлер жақта жасырына бастады. Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедист артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Мен құладым. Ал, мопедист көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды", - деді Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы, жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты. Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Мопед жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылатын болады.
Яндекс Такси в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Такси жүргізушілері мен курьерлер салықты қалай төлейді
Жаңалықтар
0