200-ден астам қазақстандық Дубайдан елге қайта алмай отыр

© Photo : официальный сайт авиакомпании Air AstanaСамолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. 12 мамырда Air Astana әуе компаниясының Дубай – Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.
Ұшақта 220 жолаушы болған.
"Жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Әуе компаниясының инженерлері қазір Дубайда, олар анықталған ақауларды жоюмен айналысып жатыр", - деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы техникалық себептердің салдарынан рейстің кешігуіне байланысты қолайсыздықтар үшін өкініш білдірді.
"Бөлшектерді сәтті ауыстырған жағдайда рейстің Дубайдан болжамды ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша 21:45-ке белгіленіп отыр. Ақауларды реттеу мүмкін болмаған жағдайда рейстің балама нұсқалары қарастырылады", - деп хабарлады Air Astana компаниясы.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2023
Италияда екі ұшақ бір-бірімен соқтығысты: ұшқыштар қаза болды
Жаңалықтар
0