Қазақстанда кедейлер саны 40 мың адамға артты
© Pixabay / csamhaberПустой карман
© Pixabay / csamhaber
Жазылу
Қазақстанда тек 10,4 млн адам әл-ауқатты және қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Өткен жылы Қазақстанда кедейлердің абсолютті саны 39,7 мың адамға артты, деп хабарлайды мониторингтік компания finprom.kz.
Өткен жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз қазақстандықтардың үлес салмағы өзгерген жоқ.
"Кедейшілікте өмір сүретін қала тұрғындарының үлес салмағы 3,8%-тен 4%-ке дейін, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы 7,2%-тен 7,3%-ке дейін өсті. Екіншіден, өткен жылы кедейлердің абсолютті саны 39,7 мыңға яғни, 992,1 мыңнан 1,031 млн адамға дейін өсті. Әсіресе, кедейшілік қала халқында көп, қаладағы кедейшілік 12%-ке өскен", - делінген зерттеуде.
Осы деректерге сәйкес, Қазақстанда отбасылардың тек 50,5% - ы немесе 10,4 млн адам ғана әл-ауқатты және қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді. Қалған 49,5% отбасы немесе 9,1 миллион адам проблемалық санаттарға жатады.