https://sputnik.kz/20230512/qazaqstan-mektepter-terrorizm-oqu-zhattygu-34795322.html
Қазақстан мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Қазақстан мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Sputnik Қазақстан
Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады
2023-05-12T09:11+0500
2023-05-12T09:11+0500
2023-05-12T09:11+0500
білім
мектеп
терроризм
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1b/16899126_0:29:3536:2018_1920x0_80_0_0_e394929f7966a2e775cdbfda668191c9.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Бүгін, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қауіпсіздік оқу-жаттығуы өтеді. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті.Оқу-жаттығу барысында "Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық" аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталады.Оқу-жаттығу жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.Айта кетері, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20230214/mektepterde-litsenziyalangan-kuzet-boluy-kerek--vitse-premer-32075497.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1b/16899126_403:0:3134:2048_1920x0_80_0_0_9c92f9c8f9d93e84e10b673090880d1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп оқушылар терроризм оқу-жаттығу
мектеп оқушылар терроризм оқу-жаттығу
Қазақстан мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Бүгін, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қауіпсіздік оқу-жаттығуы өтеді. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Оқу-жаттығу барысында "Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық" аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталады.
"Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритм нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланады. Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылады. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексеріледі", – дейді комитет төрағасы Насымжан Оспанова.
Оқу-жаттығу жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Айта кетері, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.