https://sputnik.kz/20230512/pavlodar-oblysynda-politsey-zhanyp-zhatqan-uyden-zhasospirimdi-aman-alyp-shyqty-34801419.html
Павлодар облысында полицей жанып жатқан үйден жасөспірімді аман алып шықты
Павлодар облысында полицей жанып жатқан үйден жасөспірімді аман алып шықты
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 12 мамыр – Sputnik. Учаскелік полицейдің жедел әрекетінің арқасында Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған өрттен жасөспірім аман қалды, деп... 12.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-12T11:43+0500
2023-05-12T11:43+0500
2023-05-12T11:43+0500
өңірлер
павлодар облысы
өрт
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34801779_0:236:1080:844_1920x0_80_0_0_15dde26d2b9f9a1ccbfd61731f4f496d.jpg
ПАВЛОДАР, 12 мамыр – Sputnik. Учаскелік полицейдің жедел әрекетінің арқасында Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған өрттен жасөспірім аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.10 мамыр күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданының учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жаябаев патрульдеу кезінде үйлердің арасынан будақтаған түтінді байқаған. Ол бірден оқиға орнынан барып, тұрғын үйдің жанып жатқанын көрген.Өртке оранған үйдің көршісі полицейге іште 14 жастағы баланың қалғанын айтқан. Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпастан дереу жанып жатқан үйге кіріп, бөлмелерден оқушыны іздеген.Үйге жапсарлас салынған ғимарат, дәліз жанған, қалың түтіннен ештеңе көрінбеген, тыныс алу да қиынға соққан.Бөлмелердің бірінен полицей түтінге тұншығып жатқан жасөспірімді тауып алған. Оны көтеріп алып, сыртқа шыққан. Құтқарылған баланы көршісіне беріп, іште тағы біреулердің және ас бөлмесінде газ баллонының бар-жоғын білу үшін қайтадан ғимаратқа кіріп кеткен. Алайда қалың түтіннен ештеңе көрінбегендіктен, жанып жатқан үйден шығып кеткен."Полицейдің батыл, жедел әрекеттерінің арқасында бала аман қалды. Құтқарылған жасөспірімнің отбасы тәртіп сақшысына шын жүректен алғыстарын айтты", - делінген хабарламада.Учаскелік полиция қызметкері ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді.
https://sputnik.kz/20230423/qyzylordada-politseyler-tunde-yeldi-ortten-qutqardy-34213477.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34801779_0:135:1080:945_1920x0_80_0_0_3544b54cba2b32ec18e9727b637a7250.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы өрт 2023 полицей құтқару
павлодар облысы өрт 2023 полицей құтқару
Павлодар облысында полицей жанып жатқан үйден жасөспірімді аман алып шықты
ПАВЛОДАР, 12 мамыр – Sputnik. Учаскелік полицейдің жедел әрекетінің арқасында Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған өрттен жасөспірім аман қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 мамыр күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданының учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жаябаев патрульдеу кезінде үйлердің арасынан будақтаған түтінді байқаған. Ол бірден оқиға орнынан барып, тұрғын үйдің жанып жатқанын көрген.
Өртке оранған үйдің көршісі полицейге іште 14 жастағы баланың қалғанын айтқан. Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпастан дереу жанып жатқан үйге кіріп, бөлмелерден оқушыны іздеген.
Үйге жапсарлас салынған ғимарат, дәліз жанған, қалың түтіннен ештеңе көрінбеген, тыныс алу да қиынға соққан.
Бөлмелердің бірінен полицей түтінге тұншығып жатқан жасөспірімді тауып алған. Оны көтеріп алып, сыртқа шыққан. Құтқарылған баланы көршісіне беріп, іште тағы біреулердің және ас бөлмесінде газ баллонының бар-жоғын білу үшін қайтадан ғимаратқа кіріп кеткен. Алайда қалың түтіннен ештеңе көрінбегендіктен, жанып жатқан үйден шығып кеткен.
"Полицейдің батыл, жедел әрекеттерінің арқасында бала аман қалды. Құтқарылған жасөспірімнің отбасы тәртіп сақшысына шын жүректен алғыстарын айтты", - делінген хабарламада.
Учаскелік полиция қызметкері ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді.