https://sputnik.kz/20230511/zhetisuda-zhuyqta-zhondelgen-zholdy-su-shayyp-ketti-34756571.html
Жетісуда жуықта жөнделген жолды су шайып кетті
Жетісуда жуықта жөнделген жолды су шайып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында еріген қар суының жолды шайып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-11T09:57+0500
2023-05-11T09:57+0500
2023-05-11T09:57+0500
жетісу
жол
тасқын
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436364_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_16f6ebc0287664c6b86c97d306aa3366.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында еріген қар суының жолды шайып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 7 наурызда Кербұлақ ауданында еріген қар суының жолды шаюы салдарынан Малай Сары стансасына баратын жол жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалды. Прокурорлар тексеру кезінде аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Ведомстводағылар хабарлағандай, заң бұзушылықтар салдарынан су бұру жүйесінің қуаты есептелмей, атқарылған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген. Аталған факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20230502/qazaqstandyq-mamandar-zhol-qurylysy-boyynsha-qytaydyn-tazhiribesimen-tanysty-34454558.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436364_107:227:961:867_1920x0_80_0_0_3647a0295b558cbc6d8622cca2af5237.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, жол, тасқын
Жетісуда жуықта жөнделген жолды су шайып кетті
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында еріген қар суының жолды шайып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
7 наурызда Кербұлақ ауданында еріген қар суының жолды шаюы салдарынан Малай Сары стансасына баратын жол жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалды. Прокурорлар тексеру кезінде аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.
"Бастапқыда бұл жұмыстар ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізіліп, мемлекеттік органға жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамасыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау міндетінен босатады", - деп мәлімдеді Жетісуға облыс прокуратурасындағылар.
Ведомстводағылар хабарлағандай, заң бұзушылықтар салдарынан су бұру жүйесінің қуаты есептелмей, атқарылған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.
Аталған факті бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.