https://sputnik.kz/20230511/resey-men-nato-qarym-qatynasy-buryngydan-shielenise-tusti-34903475.html
Ресей мен НАТО қарым-қатынасы бұрынғыдан шиеленісе түсті
Ресей мен НАТО қарым-қатынасы бұрынғыдан шиеленісе түсті
Sputnik Қазақстан
Владимир Путин Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартты (ЕҚҚКШ) денонсациялаудың соңғы рәсімін бастау туралы жарлыққа қол қойды. Ресей парламентінің... 11.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-11T17:27+0500
2023-05-11T17:27+0500
2023-05-16T17:27+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
Владимир Путин Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартты (ЕҚҚКШ) денонсациялаудың соңғы рәсімін бастау туралы жарлыққа қол қойды. Ресей парламентінің қос палатасы мақұлдағаннан кейін бұл шарт та НАТО-мен арада "достық, ынтымақтастық және ашықтық" болған дәуір тарихына аттанады, деп жазды РИА Новости.Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарт сонау 1990 жылы Батыспен әріптестіктің шарықтау шегінде, Кеңес Одағы ыдырағанға дейін және Варшава келісімі елдерінің блогы болған кезде құрылған. Қол қоған тараптардың жоспары бойынша, Варшава шартына мүше елдер мен НАТО арасындағы келісім бір әскери блоктың басым күштерінің екінші әскери блокқа шабуыл жасау ықтималдығын барынша азайтуға бағытталған. Себебі мұндай шабуыл ядролық қаруды қолдануға әкелуі мүмкін еді."Осыған байланысты шартта Атлант мұхитынан Орал тауларына, Жайық өзені мен Каспий теңізіне дейінгі аумақта шекараны белгілеу нүктелерінде орналасуы мүмкін қарудың жекелеген түрлерінің санына нақты шектеулер белгіленген. Оның үстіне бұл аумақтардағы екі блоктың да қару-жарақ саны бірдей болуы керек еді", - деп жазылған материалда.Шарт талаптарына сәйкес, КСРО және оған одақтас мемлекеттер әскери техниканы қайта есептеу және оның жауынгерлік әзірлігін бағалау үшін НАТО инспекторларына өз аумағына кіруге рұқсат беруге міндеттенді. Бірақ Варшава келісімі елдерінің блогы сияқты КСРО да ыдырады. Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартпен қамтылмаған Словения, Латвия, Литва және Эстония, одан кейін ыдыраған Чехословакия түрінде Чехия мен Словакия, сондай-ақ Венгрия, Румыния және Болгария жеделдетілген режимде НАТО-ға кірді.Қарапайым айла-шарғылардың нәтижесінде НАТО мен Ресей (КСРО және оның келісімдерінің мұрагері ретінде) арасындағы қарапайым қару-жарақтың қатынасы Солтүстік Атлантикалық альянстың пайдасына үшке бір дәрежесінде болды.Бұл НАТО-ға өте қолайлы болғанымен, Ресейдің көңілі толмады. Осыған байланысты 1999 жылы Ыстамбұлда өткен конференцияда Мәскеу кво-мәртебесін қалпына келтіру үшін ЕҚҚКШ-ға тиісті түзетулер енгізуді талап етті. Бірақ НАТО-ның бірқатар елдері ол түзетулерді ратификациялаудан бас тартты, ал Латвия, Литва және Эстония шартқа мүлде қосылғысы келмеді.Нәтижесінде, 2007 жылы Ресей Венада Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартқа мүше мемлекеттерінің шұғыл конференциясын шақырып, онда Латвия, Литва және Эстония қосылмай, Ресеймен теңескенге дейін НАТО елдерінің қару-жарақ пен техникасының жалпы деңгейін төмендетпейінше шарттың мағынасы жоқ деп мәлімдеді.Ресей НАТО 1990 жылғы келісімде белгіленген қарапайым қару-жарақ бойынша шекті деңгейден әлдеқайда асып түскенін; бұрынғы одақтастардың өз қаруларын НАТО квотасына қайта тіркемегенін; Балтық жағалауы елдерінің қарулы күштері есепке алынбағанын және осы келісімге мүше емес елдер ресейлік квоталарды бақылай алатынын, ал Ресейдің мұны істей алмайтынын атап өтті. Бұған қоса Ресей Болгария мен Румынияда орналасқан АҚШ-тың әскери базаларындағы қарапайым қару-жарақтарды Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарт есебіне алуды талап етті."АҚШ мұндай мәлімдемеге қатты ренжіп, өз базаларын санау мүмкін емес екенін, өйткені олар уақытша, яғни бүгін бар, ертең жоқ екенін айтты. Бірақ бұл ашық өтірік болды. Себебі мұндағы базалар тікелей тұрақты деп атап көрсетілген АҚШ-тың Румыния және Болгариямен келісімдері жария болды", - деп жазылған материалда.Ресей өзінің барлық ұсынысына "жоқ" деген жауап алған соң, 2007 жылы "НАТО елдері Бейімдеу туралы келісімді ратификациялағанға дейін және осы құжат талаптарын әділ жүзеге асыруды бастағанға дейін" ЕҚҚКШ шартын орындауға мораторий жариялады. Ал 2015 жылдан бастап бірлескен консультацияларға қатысудан бас тартты. Бір қызығы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2022 жылғы ЕҚҚКШ туралы есебінде АҚШ Ресейді шартты бұзды деп айыптап, "АҚШ пен НАТО-ның Ресейді шарт талаптарын орындауға көндіруге тырысқан дипломатиялық талпыныстарына қарамастан, Ресей қауіпті жағдай туғызды" деп көрсеткен.Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "ел мұндай ақылға қонымсыз іс-әрекетке қатысудан бас тартатырнын" мәлімдеді. Батыс пен оның одақтастары Ресейді Еуропадағы қауіпсіздікке қатер төнгізген тарап ретінде айыптай беруі ықтимал. Себебі НАТО-ның Ресеймен қарым-қатынас бойынша манифестінде "Ресей Федерациясы альянстың, сондай-ақ әлем мен еуро-атлантикалық аймаққа төнген тікелей және ауқымды қауіп" деп жазылған.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Владимир Путин Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартты (ЕҚҚКШ) денонсациялаудың соңғы рәсімін бастау туралы жарлыққа қол қойды. Ресей парламентінің қос палатасы мақұлдағаннан кейін бұл шарт та НАТО-мен арада "достық, ынтымақтастық және ашықтық" болған дәуір тарихына аттанады, деп жазды
РИА Новости.Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарт сонау 1990 жылы Батыспен әріптестіктің шарықтау шегінде, Кеңес Одағы ыдырағанға дейін және Варшава келісімі елдерінің блогы болған кезде құрылған. Қол қоған тараптардың жоспары бойынша, Варшава шартына мүше елдер мен НАТО арасындағы келісім бір әскери блоктың басым күштерінің екінші әскери блокқа шабуыл жасау ықтималдығын барынша азайтуға бағытталған. Себебі мұндай шабуыл ядролық қаруды қолдануға әкелуі мүмкін еді.
"Осыған байланысты шартта Атлант мұхитынан Орал тауларына, Жайық өзені мен Каспий теңізіне дейінгі аумақта шекараны белгілеу нүктелерінде орналасуы мүмкін қарудың жекелеген түрлерінің санына нақты шектеулер белгіленген. Оның үстіне бұл аумақтардағы екі блоктың да қару-жарақ саны бірдей болуы керек еді", - деп жазылған материалда.
Шарт талаптарына сәйкес, КСРО және оған одақтас мемлекеттер әскери техниканы қайта есептеу және оның жауынгерлік әзірлігін бағалау үшін НАТО инспекторларына өз аумағына кіруге рұқсат беруге міндеттенді. Бірақ Варшава келісімі елдерінің блогы сияқты КСРО да ыдырады. Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартпен қамтылмаған Словения, Латвия, Литва және Эстония, одан кейін ыдыраған Чехословакия түрінде Чехия мен Словакия, сондай-ақ Венгрия, Румыния және Болгария жеделдетілген режимде НАТО-ға кірді.
Қарапайым айла-шарғылардың нәтижесінде НАТО мен Ресей (КСРО және оның келісімдерінің мұрагері ретінде) арасындағы қарапайым қару-жарақтың қатынасы Солтүстік Атлантикалық альянстың пайдасына үшке бір дәрежесінде болды.
Бұл НАТО-ға өте қолайлы болғанымен, Ресейдің көңілі толмады. Осыған байланысты 1999 жылы Ыстамбұлда өткен конференцияда Мәскеу кво-мәртебесін қалпына келтіру үшін ЕҚҚКШ-ға тиісті түзетулер енгізуді талап етті. Бірақ НАТО-ның бірқатар елдері ол түзетулерді ратификациялаудан бас тартты, ал Латвия, Литва және Эстония шартқа мүлде қосылғысы келмеді.
Нәтижесінде, 2007 жылы Ресей Венада Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шартқа мүше мемлекеттерінің шұғыл конференциясын шақырып, онда Латвия, Литва және Эстония қосылмай, Ресеймен теңескенге дейін НАТО елдерінің қару-жарақ пен техникасының жалпы деңгейін төмендетпейінше шарттың мағынасы жоқ деп мәлімдеді.
Ресей НАТО 1990 жылғы келісімде белгіленген қарапайым қару-жарақ бойынша шекті деңгейден әлдеқайда асып түскенін; бұрынғы одақтастардың өз қаруларын НАТО квотасына қайта тіркемегенін; Балтық жағалауы елдерінің қарулы күштері есепке алынбағанын және осы келісімге мүше емес елдер ресейлік квоталарды бақылай алатынын, ал Ресейдің мұны істей алмайтынын атап өтті. Бұған қоса Ресей Болгария мен Румынияда орналасқан АҚШ-тың әскери базаларындағы қарапайым қару-жарақтарды Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы шарт есебіне алуды талап етті.
"АҚШ мұндай мәлімдемеге қатты ренжіп, өз базаларын санау мүмкін емес екенін, өйткені олар уақытша, яғни бүгін бар, ертең жоқ екенін айтты. Бірақ бұл ашық өтірік болды. Себебі мұндағы базалар тікелей тұрақты деп атап көрсетілген АҚШ-тың Румыния және Болгариямен келісімдері жария болды", - деп жазылған материалда.
Ресей өзінің барлық ұсынысына "жоқ" деген жауап алған соң, 2007 жылы "НАТО елдері Бейімдеу туралы келісімді ратификациялағанға дейін және осы құжат талаптарын әділ жүзеге асыруды бастағанға дейін" ЕҚҚКШ шартын орындауға мораторий жариялады. Ал 2015 жылдан бастап бірлескен консультацияларға қатысудан бас тартты. Бір қызығы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2022 жылғы ЕҚҚКШ туралы есебінде АҚШ Ресейді шартты бұзды деп айыптап, "АҚШ пен НАТО-ның Ресейді шарт талаптарын орындауға көндіруге тырысқан дипломатиялық талпыныстарына қарамастан, Ресей қауіпті жағдай туғызды" деп көрсеткен.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "ел мұндай ақылға қонымсыз іс-әрекетке қатысудан бас тартатырнын" мәлімдеді. Батыс пен оның одақтастары Ресейді Еуропадағы қауіпсіздікке қатер төнгізген тарап ретінде айыптай беруі ықтимал. Себебі НАТО-ның Ресеймен қарым-қатынас бойынша манифестінде "Ресей Федерациясы альянстың, сондай-ақ әлем мен еуро-атлантикалық аймаққа төнген тікелей және ауқымды қауіп" деп жазылған.