Медеудегі өрт: қаза болған Арслан Құрманбековтің отбасына өтемақы төленеді

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар депратаменті Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қандай көмек көрсетілетіні туралы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 млн.теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.
"Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады. Жерлеу бойынша барлық шығындарды Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды", - делінген хабарламада.
ТЖ министрлігі президент әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде өрт сөндірушінің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.
Департамент мәліметінше, өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, Арслан Құрманбеков Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Қайғылы оқиға 8 мамырда болды. Тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерінің үстіне ағаш құлап кеткен.
Арслан Құрманбеков 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келді.
Жаңалықтар
0