Экс-президенттің кеңсесінде штат саны қысқартылды – сенат спикері

© Photo : пресс-служба сената парламента РКСпикер сената Маулен Ашимбаев
Спикер сената Маулен Ашимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесінде жұмыс істейтін адам саны қысқартылды, бюджеті де азайтылады. Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгіне сенат отырысынан кейін журналистер спикерден экс-президенттің кеңсесі туралы сұрады.
"Менің білуімше, сонда істейтін адамдардың санын күрт қысқартқан. Қазір нақты санын айта алмаймын. Бірақ бұрыңғыдай біраз адам істеп жатқан жоқ. Қазір үлкен функциялары да жоқ. Соған байланысты бюджетті қараған кезде біз қаржы мәселесін де қарайтын шығармыз", - деді Әшімбаев.
Спикердің ойынша, Назарбаевтың кеңсесі батыстың үлгісімен қалуы мүмкін.
"Мысалы, АҚШ-ты алып қарасақ, ол жақта экс-президенттердің кітапханалары бар, өздерінің музейлері болады, өздерінің ішкі аппараты болады. Бұл жалпы дамыған мемлекеттерде бар үрдіс. Егер ол президент біраз еңбек етсе, өзінің кітаптары, қағаздары болады. Бір-екі көмекшісі болуы керек шығар. Сондықтан біз өзіміз бір нәрсе тауып отырған жоқпыз. Бірақ бұрынғыдай кеңсе жоқ", - деп атап көрсетті спикер.
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2023
Қоғам
Енді Елбасы емес: Назарбаев пен оның отбасы неден айырылды
Жаңалықтар
0