https://sputnik.kz/20230510/zhiguli-dayrabaevqa-qarsy-petitsiya-zhariyalandy--qoshanov-ne-deydi-34733323.html
Жигули Дайрабаевқа қарсы петиция жарияланды – Қошанов не дейді
Жигули Дайрабаевқа қарсы петиция жарияланды – Қошанов не дейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Жигули Дайрабаевтың төңірегіндегі даудан кейін құрылған петицияға қатысты пікір білдірді... 10.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-10T13:09+0500
2023-05-10T13:09+0500
2023-08-09T12:45+0500
депутат
ерлан қошанов
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28084802_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_644fc5c435135078f3563fd1fe67496a.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Жигули Дайрабаевтың төңірегіндегі даудан кейін құрылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жуырда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мандатын қайтарып алуды талап еткен петиция жарияланды. Оған депутаттың жемқорлық үшін шартты түрде сотталған ұлдары мен жер дауы себеп болып отыр.Спикер егер заңбұзушылық Жигули Дайрабаевтың тарапынан жасалса, ең алдымен "Ауыл" партиясы шешім қабылдауы керек деп есептейді.Осы орайда журналистер мәжілістің репутациясына зиян келмей ме деп сұрады."Зиян келтірмейді деп санаймын", - деп қысқа қайырды Қошанов.Еске салсақ, сәуір айының басында Таразда мәжілістің қазіргі депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шықты. Дайрабаевтың ұлдары Дидар Молдахалық пен Марат Дайрабаев 550 млн теңге субсидияны ұрлады деп айыпталды. Екеуі шартты түрде 5 жылға сотталды.Осыдан кейін депутат Жигули Дайрабаев балаларының кінәсі жоқ екенін және мәжілістен кетпейтінін мәлімдеді.Алайда мамыр айының басында әлеуметтік желіде Дайрабаевқа қатысты жаңа дау шықты. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28084802_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_12438e36ab682997313dad4f9d1a9c36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, ерлан қошанов, сыбайлас жемқорлық
депутат, ерлан қошанов, сыбайлас жемқорлық
Жигули Дайрабаевқа қарсы петиция жарияланды – Қошанов не дейді
13:09 10.05.2023 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Жигули Дайрабаевтың төңірегіндегі даудан кейін құрылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жуырда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мандатын қайтарып алуды талап еткен петиция жарияланды. Оған депутаттың жемқорлық үшін шартты түрде сотталған ұлдары мен жер дауы себеп болып отыр.
"Дайрабаевқа келетін болсақ, депутаттың тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ. Балаларына қатысты мәселе бар. Енді ел алдында жүрген азамат болғандықтан, депутаттың балалары, туысқандары барлығы ашық кеңістікте ғой. Барлығын микроскоппен қарап отырады. Сондықтан әрбір шалт басқан қадамы жария болады", - дейді Ерлан Қошанов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Спикер егер заңбұзушылық Жигули Дайрабаевтың тарапынан жасалса, ең алдымен "Ауыл" партиясы шешім қабылдауы керек деп есептейді.
Осы орайда журналистер мәжілістің репутациясына зиян келмей ме деп сұрады.
"Зиян келтірмейді деп санаймын", - деп қысқа қайырды Қошанов.
Еске салсақ, сәуір айының басында Таразда мәжілістің қазіргі депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот үкімі шықты. Дайрабаевтың ұлдары Дидар Молдахалық пен Марат Дайрабаев 550 млн теңге субсидияны ұрлады деп айыпталды. Екеуі шартты түрде 5 жылға сотталды.
Осыдан кейін депутат Жигули Дайрабаев балаларының кінәсі жоқ екенін және мәжілістен кетпейтінін мәлімдеді.
Алайда мамыр айының басында әлеуметтік желіде Дайрабаевқа қатысты жаңа дау шықты. Толығырақ
мына жерден оқыңыз.