Ресейдің көршілері 9 мамырда Мәскеуге барды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин и председатель правительства М. Мишустин на параде Победы в Москве
Президент РФ В. Путин и председатель правительства М. Мишустин на параде Победы в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
Жеңіс күнін тойлауға Мәскеуге таяу шетелге жататын мемлекеттердің басшылары келуі әлемдік құрылымдағы және посткеңестік кеңістіктегі елдердің қарым-қатынасындағы жаһандық өзгерістерді айқындайтын маңызды сигнал болып отыр, деп жазды РИА Новости.
Батыс Ресейдің тең қауіпсіздік пен достық қарым-қатынас туралы ұсынысын кері қайтарып, 2022 жылы әскери операцияға әкелген өз бағытын жалғастыра бергеннен кейін Ресей үшін жаңа ақиқат кезеңі басталды. Ол Ресей ресми түрде оңтүстік пен шығысқа әскер орналастыратын 2023 жылдың 31 наурызындағы жаңа Сыртқы саясат тұжырымдамасында көрініс тапты.
Ресей билігінің мамырда көрші мемлекет басшыларымен кездесуніңі қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады. Бірақ қазірдің өзінде мынаны нақты айтуға негіз бар: ресейлік дипломатияның ескіргені және тиемсіздігі туралы тараған дерекке қарамастан, батыс майданда өзінің тіршілік етуге құқығын талап ету арқылы Ресей алуан түрлі күштердің көрінісін ұсынып отыр. Мұның барлығына фактілер мен сандар дәлел.
"Мысалы, Беларусьпен қарым-қатынаста Ресей басты мақсаты біртұтас экономикалық кеңістік болып табылатын Одақтық мемлекет құру жобасын аяқтауға қарай қарқынды жүріп жатыр. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 50 миллиард долларды құрап, тарихи рекордқа жетті және алдағы үш-бес жылда оны екі есеге арттыру жоспарланып отыр", - деп жазылған материалда.
Экономиканың барлық саласын, соның ішінде қаржы, көлік, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын, сондай-ақ мемлекеттік реттеу мен бақылаудың жекелеген бағыттарын қамтитын 28 одақтық бағдарлама белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Төлем жүйелері толығымен интеграцияланған және енді батыстық жүйелерге тәуелді емес.
Қазақстанмен қарым-қатынаста да рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді – екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихында алғаш рет тауар айналымы 26,1 миллиард долларға жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 миллиардқа жеткізу жоспарланып отыр. Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып саналады және мемлекеттің бірінші тұлғаларының мәлімдемесіне сәйкес Мәскеумен стратегиялық ынтымақтастық сыртқы саясаттың басымдығы болып табылады. Бейбіт мақсаттағы атом, газ, транзиттік-көліктік және логистика салаларында ресейлік-қазақстандық жобалардың ауқымды сипатта іске асырылуы байқалады.
Мақала авторы жазғандай, Орталық Азияның өсу локомотивінің бірі саналатын Өзбекстанмен қарым-қатынас қарқынды жүріп жатыр. 2022 жылдың соңында Ресей Өзбекстанның ең ірі сауда серіктесі болды, ал тауар айналымы тұрақты өсуде: 2021 жылы 6,9 миллиард доллар болса, 2022 жылы 9,28 миллиард долларды құрады. Республикада жалпы құны 20 миллиард доллар болатын екі жүзге жуық жоба бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
ҰҚШҰ-ға мүше Оңтүстік Кавказдағы жалғыз мемлекет Армения да Ресеймен тату елдер қатарында. Өткен жылы Ресей Арменияның негізгі нарығына айналды; сауда айналымы екі есе өсіп, бес миллиард долларға жетті, бұл ретте мемлекеттер толығымен рубльмен есеп айырысуға көшті.
Қырғызстанмен екіжақты сауда да 3,5 миллиард долларды құрап, тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Ресей президенті Владимир Путин осыған қатысты мынандай пікір білдірді: Соңғы бір жылда тауар айналымы 37%-ке өсті және Ресей ең ірі инвестор болып табылады, тікелей инвестиция бойынша Ресей бірінші орында және бұл үрдіс тек қана қарқын алады деген сенімдеміз.
Тәжікстанмен тауар айналымы 18%-ке өсіп, 1,5 миллиард долларды құрады, бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ресей бұл елдегі негізгі инвесторлардың бірі болып табылады және Ауғанстан қаупіне байланысты республиканың қарулы күштерін модернизациялауға атсалысады және келісілген қауіпсіздік саясатын жүргізеді. Ресейдің шетелдегі ең ірі әскери нысаны – 201-ші база Тәжікстанда орналасқан.
РИА Новости жазғандай, Ресей – Түркіменстан қарым-қатынастары да қайта өрлеуді бастан кешіріп жатыр: тауар айналымы миллиард долларға жуықтады. Ең жоғары деңгейде әртүрлі бағыттар бойынша 20-ға жуық бағытты іске асыру жоспарланып отыр. Мұнда негізгі басымдықтың бірі "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізін дамытуға бағытталған.
Жаңалықтар
0