Қандай азық-түлікті тоңазытқышта сақтауға болмайды

© Photo : PexelsТоңазытқыш
Тоңазытқыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
Адамдар көбінесе азық-түлікті көп сатып алып, оның жарамдылық мерзімін ұзарту үшін тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтайды
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Сарапшылар азық-түліктің бәрін бірдей тоңазытқышта сақтауға болмайтынын айтты.
Мына төрт өнімді тоңазытқышқа салуға болмайды. Өйткені олар денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін, деп хабарлады ИноСМИ порталы.
1.
Нанды тоңазытқышта сақтау оның жарамдылық мерзімін ұзарта алмайды. Ол үшін нанды пакетке орап, қараңғы жерге қойған дұрыс;
2.
Балды тоңазытқышқа қойса, оның дәмі бұзылып қана қоймай, балдан зиянды заттардың бөлінуі жеделдейді;
3.
Бананды да тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі банан тезірек бұзыла бастайды;
4.
Тоңазытқыштағы қызанақ тез шіріп, жарыла бастайды. Бұл оның денсаулыққа қаупін арттырады.
Жаңалықтар
0