https://sputnik.kz/20230510/deputat-sheneunikter-zhemqorlygy-zhayly-bul-khalyqqa-tukiru-34741171.html
Депутат шенеуніктердің жемқорлығы жайлы: бұл – халыққа түкіру
Депутат шенеуніктердің жемқорлығы жайлы: бұл – халыққа түкіру
Sputnik Қазақстан
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін көтеріп, жемқор шенеуніктерге шүйлікті
2023-05-10T16:08+0500
2023-05-10T16:08+0500
2023-05-10T16:08+0500
қоғам
сыбайлас жемқорлық
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33895660_0:26:3548:2022_1920x0_80_0_0_8c164503579282fe98b931b952aaf9b3.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін көтеріп, жемқор шенеуніктерге шүйлікті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, қазақстандықтардың көбі сыбайлас жемқорлық – бұл уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі деп ойлайды."Бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық – бұл бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар және тағы басқа сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым объектілері. Сыбайлас жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіріп жатыр. Мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл ұрлық схемалар, тайдырулар. Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес", - дейді Әуесбаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.Бұл ретте мәжілісмен елді дүрліктерген жемқорлық фактілеріне тоқталды.Мәселен, Талдықорған қаласында бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд теңгеге байыды және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында "Арт Спорт" жобасы бойынша бөлінген 20 млрд теңгенің шамамен 2 млрд теңгесі ұрланды. Астана әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Шенеуніктің өзі комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілерді жүргізбей салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр.Депутат сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жарияланатынын, бірақ оның орындалуы жайлы ешкім есеп бермейтінін айтып сынады."Біздің шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай сәтті реформалар жайлы әңгіме болуы мүмкін емес! Осыған байланысты ЖСДП фракциясының депутаттары жыл сайын парламент мәжілісі алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беруді ұсынады", - деп қорытындылады сөзін мәжілісмен.
https://sputnik.kz/20230317/shygys-qazaqstanda-bukhgalter-mektep-qarazhatyn-qumar-oyynga-zhumsagan-33029529.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33895660_409:0:3140:2048_1920x0_80_0_0_1553751c63ca89fa8dfeeecaa8c4e873.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық коррупция жемқор шенеуніктер депутат нұрлан әуесбаев
сыбайлас жемқорлық коррупция жемқор шенеуніктер депутат нұрлан әуесбаев
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін көтеріп, жемқор шенеуніктерге шүйлікті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, қазақстандықтардың көбі сыбайлас жемқорлық – бұл уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі деп ойлайды.
"Бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық – бұл бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар және тағы басқа сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым объектілері. Сыбайлас жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіріп жатыр. Мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл ұрлық схемалар, тайдырулар. Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес", - дейді Әуесбаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.
Бұл ретте мәжілісмен елді дүрліктерген жемқорлық фактілеріне тоқталды.
Мәселен, Талдықорған қаласында бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд теңгеге байыды және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында "Арт Спорт" жобасы бойынша бөлінген 20 млрд теңгенің шамамен 2 млрд теңгесі ұрланды. Астана әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Шенеуніктің өзі комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілерді жүргізбей салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр.
"Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық уақыт пен болашақты ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр. Миллиардтарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Көптеген адам өзі ұрлаған байлығын көрсетуден ұялмайды. Бұл халыққа түкіру! Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз!", - деді Әуесбаев.
Депутат сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жарияланатынын, бірақ оның орындалуы жайлы ешкім есеп бермейтінін айтып сынады.
"Біздің шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайын ретінде әрекет етсе, ешқандай сәтті реформалар жайлы әңгіме болуы мүмкін емес! Осыған байланысты ЖСДП фракциясының депутаттары жыл сайын парламент мәжілісі алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беруді ұсынады", - деп қорытындылады сөзін мәжілісмен.