https://sputnik.kz/20230510/baytaq-zhasyldar-partiyasynda-dau-shyqty-34745431.html
"Байтақ" жасылдар партиясында дау шықты
"Байтақ" жасылдар партиясында дау шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияны рейдерлік басып алу әрекеті туралы мәлімдеді. Ал партия мүшелері... 10.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-10T21:08+0500
2023-05-10T21:08+0500
2023-05-10T21:08+0500
партия
дау-жанжал
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31498150_0:67:1281:787_1920x0_80_0_0_8d3a5cf837680506bb73a485c152616a.jpg
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияны рейдерлік басып алу әрекеті туралы мәлімдеді. Ал партия мүшелері ақпаратты жоққа шығарды. "Бір топ адамдар өз мандаттарын жоғалтып алудан қорқып, партияны рейдерлік жолмен басып алу үшін диверсия жасады", – делінген партияның ресми парақшасында. Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Әміртаев "партияға бір топ адам – олигархтар, бизнесмендер қызығушылық танытты" деп мәлімдеді. Оның пікірінше, алтыншы мамырда Алматыда заңсыз жиналыс болған. "Олар біздің кейбір мүшелерімізді бізге қарсы қойды. Олардың арасында біздің партияда лауазымы бар ешкім жоқ, жұмыстан шеттетілген бір адам бар", - деді Азаматхан Әміртаев. Ол қазір "Байтақ" штаттық режимде жұмыс істеп жатыр деп сендірді. Оның айтуынша, партия кеңсесі полицияға өтініш берген. Ал партия мүшелері төраға Азаматхан Әміртаевты өз қатарынан шығару туралы мәлімдеді. Алматыдағы "Байтақ" партиясы саяси бюросының төрағасы, Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Әпсенбетов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында партия мүшелерінің Жарғыға сәйкес әрекет ететінін айтты. Оның айтуынша, партия төрағасы партия мүшелерінен тыс саяси бюро құруға тырысты, партиялық конференциялар өткізбей филиал директорларын тағайындады және өткен сайлаудың қорытындысы бойынша есеп бермеді.Оның айтуынша, съезден кейінгі есептің орнына партия басшысы өңірлерді аралап, филиал директорларын өзінің жеке шешімімен тағайындаған. "Саяси кеңес ұжымдық орган ретінде жиналып, оны алып тастады. Ол жарғыны бұзды, ал саяси кеңес Жарғыға сәйкес әрекет етті. Қатысқандардың ішінен шешім көпшілік дауыспен қабылданды, бес адам өз даусын берді. Барлығы құжатталған, хаттамалар бар, біз барлық құжаттарды әділет министрлігіне тапсырдық", - деді Бейбіт Әпсенбетов. Партияның жаңа жетекшісі кім болатыны әлі белгісіз. Әпсенбетовтің айтуынша, тек съезд Әміртаевты партия мүшесі болып табылмайтындығына байланысты жұмыстан шығаруға құқылы. "Партия мүшесі емес оның төрағасы бола алмайды. Біз оны Жарғыға сәйкес алып тастадық. Енді жақын арада съезд өткізіп, жаңа төрағаны немесе тең төрағаны сайлаймыз. Жақында біз съезді өткізетінімізді жариялаймыз, онда біз бәрін сәйкестендіреміз", - деп қосты ол. Сондай-ақ Бейбіт Әпсенбетов партияның әлеуметтік желілердегі парақшалары мен сайтының жұмысы туралы айтып берді. "Қазір партияның сайты Әміртаев мырзаға тиесілі, ол онымен не істегісі келеді соны істеп жүр. Бірақ біз әділет министрлігіндегі позициямызды тіркегеннен кейін, біз одан сайттың барлық кілттерін бізге беруін талап ете аламыз", – деп түсіндірді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31498150_70:0:1209:854_1920x0_80_0_0_c613a7d0042140784322e10fba0f0532.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, дау-жанжал
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияны рейдерлік басып алу әрекеті туралы мәлімдеді. Ал партия мүшелері ақпаратты жоққа шығарды.
"Бір топ адамдар өз мандаттарын жоғалтып алудан қорқып, партияны рейдерлік жолмен басып алу үшін диверсия жасады", – делінген партияның ресми парақшасында.
Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Әміртаев "партияға бір топ адам – олигархтар, бизнесмендер қызығушылық танытты" деп мәлімдеді. Оның пікірінше, алтыншы мамырда Алматыда заңсыз жиналыс болған.
"Олар біздің кейбір мүшелерімізді бізге қарсы қойды. Олардың арасында біздің партияда лауазымы бар ешкім жоқ, жұмыстан шеттетілген бір адам бар", - деді Азаматхан Әміртаев.
Ол қазір "Байтақ" штаттық режимде жұмыс істеп жатыр деп сендірді. Оның айтуынша, партия кеңсесі полицияға өтініш берген. Ал партия мүшелері төраға Азаматхан Әміртаевты өз қатарынан шығару туралы мәлімдеді.
Алматыдағы "Байтақ" партиясы саяси бюросының төрағасы, Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Әпсенбетов
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында партия мүшелерінің Жарғыға сәйкес әрекет ететінін айтты.
Оның айтуынша, партия төрағасы партия мүшелерінен тыс саяси бюро құруға тырысты, партиялық конференциялар өткізбей филиал директорларын тағайындады және өткен сайлаудың қорытындысы бойынша есеп бермеді.
"Ол сізге жалған ақпарат берді. Ешқандай әрекет (партияны басып алу – Sputnik) болған жоқ. Біз оны саяси кеңестің шешімімен сенімін жоғалтқаны, тәртіпті бұзғаны және партияның билігін тартып алуға тырысқаны үшін партиядан шығардық", - деді Бейбіт Әпсенбетов.
Оның айтуынша, съезден кейінгі есептің орнына партия басшысы өңірлерді аралап, филиал директорларын өзінің жеке шешімімен тағайындаған.
"Саяси кеңес ұжымдық орган ретінде жиналып, оны алып тастады. Ол жарғыны бұзды, ал саяси кеңес Жарғыға сәйкес әрекет етті. Қатысқандардың ішінен шешім көпшілік дауыспен қабылданды, бес адам өз даусын берді. Барлығы құжатталған, хаттамалар бар, біз барлық құжаттарды әділет министрлігіне тапсырдық", - деді Бейбіт Әпсенбетов.
Партияның жаңа жетекшісі кім болатыны әлі белгісіз. Әпсенбетовтің айтуынша, тек съезд Әміртаевты партия мүшесі болып табылмайтындығына байланысты жұмыстан шығаруға құқылы.
"Партия мүшесі емес оның төрағасы бола алмайды. Біз оны Жарғыға сәйкес алып тастадық. Енді жақын арада съезд өткізіп, жаңа төрағаны немесе тең төрағаны сайлаймыз. Жақында біз съезді өткізетінімізді жариялаймыз, онда біз бәрін сәйкестендіреміз", - деп қосты ол.
Сондай-ақ Бейбіт Әпсенбетов партияның әлеуметтік желілердегі парақшалары мен сайтының жұмысы туралы айтып берді.
"Қазір партияның сайты Әміртаев мырзаға тиесілі, ол онымен не істегісі келеді соны істеп жүр. Бірақ біз әділет министрлігіндегі позициямызды тіркегеннен кейін, біз одан сайттың барлық кілттерін бізге беруін талап ете аламыз", – деп түсіндірді ол.