Ақтөбе облысында екі жасар бала әжетхана шұңқырына құлап көз жұмды

© Sputnik /Алексей КуденкоУличный туалет, архивное фото
Уличный туалет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар қаласында бүлдіршін әжетхана шұңқырына құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полицияның айтуынша, қайғылы оқиға 3 мамырда болған.
"2021 жылы туған бүлдіршін даладағы әжетхана шұңқырына құлап кеткен. Баланы шұңқырдан туысы алып шықты. Әке-шешесі оны туысына қаратып кеткен. Баланың әке-шешесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 141 бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған.
"Бүлдіршін Шалкар аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Түскен кезде есін білмейді, жағдайы өте ауыр болды. Қабылдау бөлімінде реаниматолог дәрігер қарап, сол жерде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Санавиация және Ана мен бала денсаулығы орталығының мамандарынан кеңес алынып, емі келісілді. Жағдайы бір қалыпқа келген соң, санавиация арқылы Ана мен бала денсаулығы орталығына жіберілді. Өкінішке орай, бала 5 мамырда қайтыс болды", - дейді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанкелді Балқайыр.
Дәрігерлердің айтуынша, бала әжетхана шұңқырына ұзақ жатып қалған.
Жаңалықтар
0