Әлемдік футбол тарихындағы үздік 10 қақпашы – фото
Әлемдік футбол тарихындағы үздік 10 қақпашы – фото
Sputnik Қазақстан
Қыран құстай қырағы әрі найзағайдай жылдам ер адамдар кім? Әлем тарихындағы ең танымал он футбол қақпашысының суреттерін тамашалаңыздар! 10.05.2023, Sputnik Қазақстан
Голкипер немесе қақпашы – футбол командасының негізгі ойыншыларының бірі. Олардың міндеті – өз қақпасын қорғау, қарсылас команданың гол соғуына жол бермеу.Қақпашыларға ғана қатысты арнайы ережелер жиынтығы бар. Өзінің спорттық міндеттерін тамаша атқарып, футбол алаңында үздіктердің үздігі атағына ие болған қақпашылардың суреттерін тамашалаңыздар!
Қыран құстай қырағы әрі найзағайдай жылдам ер адамдар кім? Әлем тарихындағы ең танымал он футбол қақпашысының суреттерін тамашалаңыздар!
Голкипер немесе қақпашы – футбол командасының негізгі ойыншыларының бірі. Олардың міндеті – өз қақпасын қорғау, қарсылас команданың гол соғуына жол бермеу.
Қақпашыларға ғана қатысты арнайы ережелер жиынтығы бар. Өзінің спорттық міндеттерін тамаша атқарып, футбол алаңында үздіктердің үздігі атағына ие болған қақпашылардың суреттерін тамашалаңыздар!
Джанлуиджи Буффон – италиялық футболшы, "Парма" клубының қақпашысы және капитаны. Әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі болып саналады. Ол Италия чемпионатындағы ойындар саны бойынша, сондай-ақ осы турнирде гол жіберілмеген минуттар саны бойынша рекорд орнатқан.
КСРО құрамасының көрнекті қақпашысы Лев Яшин әлем чемпионатында өз қақпасын қорғап тұр. Топтық кезеңдегі Италия – КСРО командалары арасындағы ойын. Яшин – 1956 жылғы Олимпиада чемпионы және 1960 жылғы Еуропа чемпионы, КСРО-ның бес дүркін чемпионы, КСРО Кубогының үш дүркін иегері және тарихтағы "Алтын допты" алған жалғыз қақпашы.
Пеленің голына италиялық қақпашы Дино Зофф тосқауыл қойып тұр. Ол әлем чемпионатын жеңіп алған ең үлкен жастағы ойыншы атанды. 1982 жылы оның командасы жеңіске жеткен кезде Италия құрамасының қақпашысы, капитаны және көшбасшысы 40 жаста еді.
Йозеф Майер – "Бавария" сапында ойнаған неміс қақпашысы. 1972 жылғы Еуропа чемпионы және 1974 жылғы әлем чемпионы. Әлем чемпионаттары жүлделерінің толық жиынтығын иеленген жеті ойыншының бірі.
Икер Касильяс Фернандес – қақпашы ретінде ойнаған испаниялық футболшы. Испания ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны. Әлем чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы үздік қақпашылардың бірі ретінде танылды.
Әлемдік рейтингте неміс футболшысы, Мюнхеньнің "Бавария" қақпашысы және капитаны Мануэль Нойер бар. Ол команда ойынына араласып кететін ойын стилімен танымал.
Тағы бір көрнекті тұлға: Эдвин ван дер Сар. Ол 13 жылдан астам уақыт бойы Нидерланды құрамасының басты қақпашысы және капитаны болды және Нидерланды үшін 130 кездесу өткізді.
Фабьен Ален Бартез – француз футболшысы шашын тықырлап алып тастайтын әдеті үшін "таңғажайып тақырбас" деген лақап атқа ие болды. 1992-93 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Англияның екі дүркін чемпионы.