ТМД елдері басшыларының бүгін Мәскеуде бас қосуы өте маңызды – Путин

© POOL / Медиабанкке өтуТМД елдерінің басшылары
ТМД елдерінің басшылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс парадына қатысу үшін шетелдік қонақтармен бірге Қызыл алаңға келді.
"Бүгін Мәскеуге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының жиналуы өте маңызды. Бұдан мен ата-бабаларымыздың ерлігіне деген ізгілікті көзқарасты көріп отырмын", - деді Путин құттықтау сөзінде.
Сейсенбі күні Ресей астанасындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығына арналған парад басталды. Мәскеуге Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения басшысы Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді.
Іс-шараға 10 мыңнан астам адам мен 125 қару-жарақ, әскери техника қатысады деп жоспарлануда.
Жаңалықтар
0