https://sputnik.kz/20230509/qazaqstan-men-bolgariya-aymaqaralyq-dengeydegi-yntymaqtastyqty-zhandandyruga-nietti-34715487.html
Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы Пловдив қаласына сапар шекті, деп... 09.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-09T16:23+0500
2023-05-09T16:23+0500
2023-05-09T16:44+0500
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/09/34715834_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_e2fa309e69958c75078631bf0b06de77.jpg
АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы Пловдив қаласына сапар шекті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі. Пловдив мэрі Здравко Димитровпен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық деңгейде екіжақты қарым-қатынастарды арттыру мақсатында Қазақстанның үшінші мегаполисі Шымкентпен бауырлас байланыс орнатуға ерекше назар аударылды.2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан-Болгария бизнес-форумы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Темірбаев Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі экономикалық аймақтардың бірі – Тракия экономикалық аймағына (ТЭА) барды. ТЭА негізін қалаушы және басқарма төрағасы Пламен Панчевпен кездесуде қазақстандық дипломат еліміздегі инвестициялық әлеует, шетелдік инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету құралдары, оның ішінде арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтардағы бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Одан басқа, тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылап, шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде қазақстандық арнайы экономикалық аймақтармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қарастырды.Болгар жұртшылығын қазақ әдебиеті мен тілімен кеңінен таныстыру мақсатында Темірбаев Пловдив халық кітапханасына елшіліктің қатысуымен болгар тілінде жарық көрген 30-дан астам көркем кітап, жинақ пен брошюраларды сыйға тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/09/34715834_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_5a480765969eab6cbcc92442105dd3eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ынтымақтастық
Қазақстан мен Болгария аймақаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
16:23 09.05.2023 (жаңартылды: 16:44 09.05.2023) АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Болгар тарапының шақыруымен Қазақстан елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы Пловдив қаласына сапар шекті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Пловдив мэрі Здравко Димитровпен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өңіраралық деңгейде екіжақты қарым-қатынастарды арттыру мақсатында Қазақстанның үшінші мегаполисі Шымкентпен бауырлас байланыс орнатуға ерекше назар аударылды.
"Сонымен қатар Темірбаев қала басшысын еліміздегі мемлекеттік билік институттарын саяси жаңарту аясындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Өз кезегінде Димитров Қазақстанмен өңіраралық қатынастарды дамытуға өзінің бейілділігін растап, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды тұрақты қолдайтындығына сендірді", - делінген хабарламада.
2023 жылғы 26 сәуірде Қазақстан-Болгария бизнес-форумы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Темірбаев Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі экономикалық аймақтардың бірі – Тракия экономикалық аймағына (ТЭА) барды. ТЭА негізін қалаушы және басқарма төрағасы Пламен Панчевпен кездесуде қазақстандық дипломат еліміздегі инвестициялық әлеует, шетелдік инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету құралдары, оның ішінде арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтардағы бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Одан басқа, тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылап, шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде қазақстандық арнайы экономикалық аймақтармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қарастырды.
Болгар жұртшылығын қазақ әдебиеті мен тілімен кеңінен таныстыру мақсатында Темірбаев Пловдив халық кітапханасына елшіліктің қатысуымен болгар тілінде жарық көрген 30-дан астам көркем кітап, жинақ пен брошюраларды сыйға тартты.