https://sputnik.kz/20230509/qaygyly-zhagdayga-sebep-bolgan-almatydagy-ort-qasaqana-qoyylgan-boluy-mumkin-34675876.html
Қайғылы жағдайға себеп болған Алматыдағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін
Қайғылы жағдайға себеп болған Алматыдағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Тауға әдейі өрт қойған болуы мүмкін. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осындай болжам барын айтады, деп... 09.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-09T08:42+0500
2023-05-09T08:42+0500
2023-05-09T08:42+0500
өрт
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34673810_2:0:2889:1624_1920x0_80_0_0_48989f1f69429f71b0c11200a487dadb.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Тауға әдейі өрт қойған болуы мүмкін. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осындай болжам барын айтады, деп хабарлады "Хабар24".Оның айтуынша, тауда тынығып отыратын арнайы орындар бар. Десе де демалушылар оны айналып өтеді. Тіпті қураған ағашқа әдейі өрт қойған деген де жорамал бар. Алғашқы жасақ жеткен кезде таудан түсіп келе жатқан 2 адамды байқап қалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр.Ескесала кетейік, Горельник шатқалындағы өрт Арслан Құрманбеков есімді өрт сөндірушінің өмірін қиып кетті. Жас жігіттің жасы небары 30 да ғана еді. Ол Алматыдағы нөмірі жетінші өрт сөндіру бөлімінің аға сөндіруші-құтқарушысы болған. Қызметтік борышын өтеу барысында түнгі сағат 1 жарым шамасында тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде мерт болды. Қураған ағаш өртеніп, опырылып құлаған. Ал мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі Ерік Оқасов қолын жарақаттады.Бұл жер "Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Кіші Алматы орманшылығына қарайды. 2011 жылы дауыл кезінде сол аумақта 5 мыңға тарта Тянь-Шань шыршасы құлаған болатын.Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 15-ке жуық арнайы техника мен "Қазавиақорғау" мекемесінің тікұшағы тартылды.
https://sputnik.kz/20230508/almatyda-ort-sondirushi-ustine-agash-qulap-qaza-boldy-34662439.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34673810_363:0:2528:1624_1920x0_80_0_0_8e2a3f3519e1247f2c68f8c58fefe503.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, алматы
Қайғылы жағдайға себеп болған Алматыдағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Тауға әдейі өрт қойған болуы мүмкін. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин осындай болжам барын айтады, деп хабарлады
"Хабар24". Оның айтуынша, тауда тынығып отыратын арнайы орындар бар. Десе де демалушылар оны айналып өтеді. Тіпті қураған ағашқа әдейі өрт қойған деген де жорамал бар. Алғашқы жасақ жеткен кезде таудан түсіп келе жатқан 2 адамды байқап қалған. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Ескесала кетейік, Горельник шатқалындағы өрт Арслан Құрманбеков есімді өрт сөндірушінің өмірін қиып кетті. Жас жігіттің жасы небары 30 да ғана еді. Ол Алматыдағы нөмірі жетінші өрт сөндіру бөлімінің аға сөндіруші-құтқарушысы болған. Қызметтік борышын өтеу барысында түнгі сағат 1 жарым шамасында тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде мерт болды. Қураған ағаш өртеніп, опырылып құлаған. Ал мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі Ерік Оқасов қолын жарақаттады.
Бұл жер "Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Кіші Алматы орманшылығына қарайды. 2011 жылы дауыл кезінде сол аумақта 5 мыңға тарта Тянь-Шань шыршасы құлаған болатын.
Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 15-ке жуық арнайы техника мен "Қазавиақорғау" мекемесінің тікұшағы тартылды.