Атырауда мейрамхана мен көліктен бекіре тәркіленді

© Sputnik / Магомед Алиев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Атырауда мейрамхана мен көліктен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді, деп хабарлады Ақ Жайық.
Атырау облысында биылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара барысында Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында орналасқан мейрамхананың тоңазытқышын тексергенде жалпы салмағы 73 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Сонымен қатар 1995 жылы туған қала тұрғынының автокөлігін тексергенде жалпы салмағы 121 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтар тәркіледі.
Тергеу жүріп жатыр, тәркіленген балық "Жайық Бекіре өсіру" зауытына тапсырылды.
Маңғыстауда заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2023
Өңірлер
Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулаған жас жігіт ұсталды
Жаңалықтар
0