https://sputnik.kz/20230509/astanadan-shyqqan-flyarystan-ushagy-atyrauda-qonuga-mazhbur-boldy-34691839.html
Астанадан шыққан FlyArystan ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды
Астанадан шыққан FlyArystan ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанадан Ақтауға ұшқан жолаушылар ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан FlyArystan компаниясына... 09.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-09T12:33+0500
2023-05-09T12:33+0500
2023-05-09T12:33+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/02/28117659_0:314:2651:1805_1920x0_80_0_0_43498658b4df79d68d27c7a9e3c9aae7.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанадан Ақтауға ұшқан жолаушылар ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан FlyArystan компаниясына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, 8 мамырда сағат 23:30-да КС7375 "Астана-Ақтау" рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауда қонды. Рейстің уақыты 9 мамырға жергілікті уақыты бойынша сағат 06:40-қа белгіленді.FlyArystan Атырауда мәжбүрлі түрде қонғанын мәлімдеді. Соған қарамастан осы рейстің жолаушыларына барлық қолдау шарасы ұсынылды. Атап айтқанда, екі сағаттан артық кешігу болса, алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын жіберу қызметі қарастырылған.Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ, ал бес сағаттан көп күтсе, бір рет тегін билеттің уақытын өзгертуге мүмкіндік беріледі."Біз ауа райының қолайсыздығы жолаушылардың жоспарына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуе компаниясы барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз", - дейді компания мамандары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/02/28117659_0:60:2651:2048_1920x0_80_0_0_369b977109a51a558605ba99c7e55fd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Астанадан шыққан FlyArystan ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанадан Ақтауға ұшқан жолаушылар ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан FlyArystan компаниясына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 мамырда сағат 23:30-да КС7375 "Астана-Ақтау" рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауда қонды. Рейстің уақыты 9 мамырға жергілікті уақыты бойынша сағат 06:40-қа белгіленді.
FlyArystan Атырауда мәжбүрлі түрде қонғанын мәлімдеді. Соған қарамастан осы рейстің жолаушыларына барлық қолдау шарасы ұсынылды. Атап айтқанда, екі сағаттан артық кешігу болса, алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын жіберу қызметі қарастырылған.
Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ, ал бес сағаттан көп күтсе, бір рет тегін билеттің уақытын өзгертуге мүмкіндік беріледі.
"Біз ауа райының қолайсыздығы жолаушылардың жоспарына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуе компаниясы барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз", - дейді компания мамандары.