Алматыда өрт сөндірушілер 68 жастағы ер адамды құтқарды

Пожарная машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 68 жастағы қарт адамды құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру қызметіне 5 мамыр таңғы сағат жеті шамасында Медеу ауданындағы бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген кезде 5-қабаттағы пәтерде ас бөлме мен балкон отқа оранғаны анықталды. Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі туындады.
Пәтерге кірген өрт сөндірушілер 1955 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде тапты. Олар ер адамға арнайы түтіннен қорғайтын құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адамның денсаулығы бірқалыпты.
Қабылданған шаралардың арқасында өрттің үйдің шатырына таралуына жол берілмеді.
Өрт сағат 07:49-да сөндірілді.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті көпқабатты үйлердің тұрғындарына тамақ дайындау кезінде газ құрылғысын қараусыз қалдырмауға, ақауы бар электр құралдарын пайдаланбауға кеңес береді.
Жаңалықтар
0