Қоғам

Жеңіс күніне дайындық: 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтетін шаралар

© Sputnik / Александр МирогловАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Жеңіс күні қарсаңында үлкен дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Мәңгілік алауда болған Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мерекеге арналған сахнада репетиция, сондай-ақ Даңқ мемориалында Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шара таңғы сағат 09.30-да басталады.
Ардагерлер мен саябақ қонақтары үшін Жеңіс күні концерт ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында таңертеңнен бастап концертке қатысушылар, оның ішінде әскери үрмелі аспаптар оркестрі, хор, сондай-ақ ересектер мен өте жас орындаушылар қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Сонымен қатар саябақта далалық ас үй ашылды – әскерилер бірнеше жүзден мыңға дейін алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын сарбаз ботқасынан дәм татқызады.
Ауғанстан ардагерлер одағы алматылықтарды Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстарының портретімен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Қоғам
Тоқаев Ресейде Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады
Жаңалықтар
0