https://sputnik.kz/20230508/toqaev-resey-qazaqstandyq-zhauyngerler-memorial-gul-shogyn-qoydy-34671511.html
Тоқаев Ресейде қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойды
Тоқаев Ресейде қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары Ұлы Отан соғысы кезінде ірі шайқастар болған Ржев округіндегі тарихи жерлерге барудан басталды
2023-05-08T19:04+0500
2023-05-08T19:04+0500
2023-08-09T09:51+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
ресей
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34671721_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_5af5783dabd7b79a7e5d271b907a2631.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары Ұлы Отан соғысы кезінде ірі шайқастар болған Ржев округіндегі тарихи жерлерге барудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойып, боздақтардың рухына тағзым етті.Мемориал ұзындығы 27 метр, биіктігі 4 метр болатын гранит қабырғадан тұрады. Онда "100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасының жауынгерлері мәңгі жадымызда сақталады. Сіздерге алғысы шексіз қазақстандықтар атынан" деп жазылған.Ескерткіш тақтаның оң жағына Қазақстан картасы бар панно орнатылған. Онда 1941 жылы екі бригада жасақталған Алматы және Ақтөбе қалалары, сондай-ақ елордамыз – Астана қаласы белгіленген. Осы бригадалар сапына Қазақстаннан шақырылған 9312 жауынгердің есімі мәрмәр тақталарға қашалып жазылған.Сонымен қатар президент қырғыз жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоғын қойып, қаза тапқан солдаттарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/08/34671721_0:0:1192:893_1920x0_80_0_0_d01995754476f756b6ddccea3c0c8006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқаев 9 мамыр жеңіс күні
тоқаев 9 мамыр жеңіс күні
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары Ұлы Отан соғысы кезінде ірі шайқастар болған Ржев округіндегі тарихи жерлерге барудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойып, боздақтардың рухына тағзым етті.
Мемориал ұзындығы 27 метр, биіктігі 4 метр болатын гранит қабырғадан тұрады. Онда "100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасының жауынгерлері мәңгі жадымызда сақталады. Сіздерге алғысы шексіз қазақстандықтар атынан" деп жазылған.
Ескерткіш тақтаның оң жағына Қазақстан картасы бар панно орнатылған. Онда 1941 жылы екі бригада жасақталған Алматы және Ақтөбе қалалары, сондай-ақ елордамыз – Астана қаласы белгіленген. Осы бригадалар сапына Қазақстаннан шақырылған 9312 жауынгердің есімі мәрмәр тақталарға қашалып жазылған.
Сонымен қатар президент қырғыз жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоғын қойып, қаза тапқан солдаттарды бір минут үнсіздікпен еске алды.