https://sputnik.kz/20230508/ministrlik-kaspiy-tenizinde-itbalyqtardyn-qyryluyna-qatysty-tusinikteme-berdi-34659173.html
Министрлік Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
Министрлік Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінде итбалықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді. 08.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-08T12:01+0500
2023-05-08T12:01+0500
2023-05-08T12:01+0500
каспий
балық
экология
https://sputnik.kz/img/210/61/2106150_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_82c470dd18c914d1fa7bba2bf3f83c08.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінде итбалықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді. Ресми ақпаратқа сәйкес, қолданыстағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері осы жағдай туралы жедел түрде хабардар етілді. Сонымен қатар аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады. Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетіп, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды. Бірақ өлекселердің ыдырау деңгейі жоғарғы дәрежеде болғандықтан, гистологиялық сынама алу мүмкін болмады. Дегенмен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастырып жатыр. Еске салсақ, Форт-Шевченко маңындағы жағалауда итбалықтардың, ақүрпектердің және Қызыл кітапқа енген балықтардың өлекселері анықталды. Бұл жағдайды достарымен бірге жағалауға демалуға шыққан жергілікті әуесқой балықшы видеоға түсіріп алған.
https://sputnik.kz/20221114/kaspiy-zhagalauynda-itbalyqtardyn-qyryluyna-gazdyn-tarauy-sebep-boluy-mumkin-29285533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/210/61/2106150_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a1728d98da088b0f96a79e66dcfdad95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, балық, экология
Министрлік Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінде итбалықтардың өліміне қатысты түсініктеме берді.
"2023 жылы 6 мамырда жергілікті уақыт сағат 19:00 шамасындағы түскен ақпарат бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, Каспий теңізі жағалауынан 15 дана итбалық және 4 дана бекіре балығының өлекселерін тапты", - деп жазылған министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қолданыстағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері осы жағдай туралы жедел түрде хабардар етілді. Сонымен қатар аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады.
Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетіп, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Бірақ өлекселердің ыдырау деңгейі жоғарғы дәрежеде болғандықтан, гистологиялық сынама алу мүмкін болмады. Дегенмен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, Форт-Шевченко маңындағы жағалауда итбалықтардың, ақүрпектердің және Қызыл кітапқа енген балықтардың өлекселері анықталды. Бұл жағдайды достарымен бірге жағалауға демалуға шыққан жергілікті әуесқой балықшы видеоға түсіріп алған.