https://sputnik.kz/20230508/almaty-oblysy-butin-bir-otbasy-koz-zhumdy-34672555.html
Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде қайғылы оқиға болды. Бүтін бір отбасы, алдын ала болжам бойынша, тамақтан уланып қайтыс болған
2023-05-08T19:20+0500
2023-05-08T19:20+0500
2023-05-08T19:20+0500
оқиға
отбасы
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде қайғылы оқиға болды. Бүтін бір отбасы, алдын ала болжам бойынша, тамақтан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің Sputnik Қазақстан тілшісіне берген ақпараты бойынша, трагедия 4 мамырда болған.Үй екі қабатты, пеш табиғи газбен жылытылады. "АлматыГазСервис Холдинг" АҚ авариялық бригадасының қызметкерлері едендік газ пешін тексеру барысында газдың ағуын анықтамады, пеш жарамды күйде."Алдын ала себептердің бірі – тамақтан улану", - дейді баспасөз қызметі.Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 4 қызметкері мен 2 техникасы, Қарасай ауданының 3 қызметкері мен 1 техникасы, 3 қызметкер және 1 СЭС техникасы шықты.Материалдар Қарасай ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
https://sputnik.kz/20230311/atyrau-oblysynda-zhol-apatynan-butin-bir-otbasy-koz-zhumdy-32833666.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасы алматы облысы тамақтан улану
отбасы алматы облысы тамақтан улану
Алматы облысында бүтін бір отбасы көз жұмды
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде қайғылы оқиға болды. Бүтін бір отбасы, алдын ала болжам бойынша, тамақтан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген ақпараты бойынша, трагедия 4 мамырда болған.
"Елтай ауылдық округінде жеке тұрғын үйде 6 адам – 2 ересек және 4 бала белгісіз затпен уланғаны туралы хабар келіп түсті. Салдарынан 1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылғы қызы және 2008, 2013, 2018 жылғы ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылғы әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ", - дейді ведомстводағылар.
Үй екі қабатты, пеш табиғи газбен жылытылады. "АлматыГазСервис Холдинг" АҚ авариялық бригадасының қызметкерлері едендік газ пешін тексеру барысында газдың ағуын анықтамады, пеш жарамды күйде.
"Алдын ала себептердің бірі – тамақтан улану", - дейді баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 4 қызметкері мен 2 техникасы, Қарасай ауданының 3 қызметкері мен 1 техникасы, 3 қызметкер және 1 СЭС техникасы шықты.
Материалдар Қарасай ауданының полиция бөліміне тапсырылды.