Жүк көлігін басып озуға әрекеттенген: Жетісу облысында қайғылы оқиға болды

© Photo : Polisia.kzЖетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға бүгін Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 360 шақырымында болды.
© Photo : Polisia.kzЖетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды
Один человек погиб, двое травмированы в ДТП в области Жетысу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды
Hyundai Tucson жүргізушісі ГАЗ-53 жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, салдарынан жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.
54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтар
0