Менделеев олимпиадасы: қазақстандық оқушылар қанша медаль жеңіп алды

© Sputnik / Владислав ВодневМенделеев олимпиадасы
Менделеев олимпиадасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Астанада өткен химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Күміс медаль иелері:
Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы;
Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қола жүлдегерлер:
Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы;
Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Диас Қоршыбек – мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Әліби Мұғалім – Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы;
Әділжан Молдағұл – Маңғыстау облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған 8-ші мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Асанәлі Қали – Қостанай облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орнынан 17 грант бөлінді.
Айта кетері, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.
Жаңалықтар
0