https://sputnik.kz/20230506/ystanbulga-15-keli-altynmen-ushyp-ketpekshi-bolgan-shymkenttik-ustaldy-34629755.html
Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған шымкенттік ұсталды
Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған шымкенттік ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Шымкент әуежайында Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 06.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-06T13:57+0500
2023-05-06T13:57+0500
2023-05-06T13:57+0500
әуежай
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/07e6/09/16/27775901_0:0:3279:1845_1920x0_80_0_0_a8d878ded4844e822c8f1372c78879fd.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Шымкент әуежайында Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 4 мамырда кешкі сағат 18:10 шамасында кеденшілер "Шымкент-Ыстанбұл" әуе рейсіне тексерген. Сол кезде заңсыз қымбат металды шетелге әкетудің жолы кесілді. Осы қылмыс үшін Қазақстан азаматы ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 1-бөлігі (Экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (276 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/16/27775901_122:0:2853:2048_1920x0_80_0_0_62454615320543b6d709760762d7e46b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, алтын құйма
Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған шымкенттік ұсталды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Шымкент әуежайында Ыстанбұлға 1,5 келі алтынмен ұшып кетпекші болған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 4 мамырда кешкі сағат 18:10 шамасында кеденшілер "Шымкент-Ыстанбұл" әуе рейсіне тексерген. Сол кезде заңсыз қымбат металды шетелге әкетудің жолы кесілді. Осы қылмыс үшін Қазақстан азаматы ұсталды.
"Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 кг (бір килограмм төрт жүз отыз төрт грамм). Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны -41 148 000 теңгені құрайды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 234-бабы, 1-бөлігі (Экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (276 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.