https://sputnik.kz/20230506/mangystau-oblysynda-1-protsenttik-kreditter-beriledi-akimdik-34632463.html
1%-тік кредит беріледі – әкімдік мұндай несиені кімдер ала алатынын хабарлады
1%-тік кредит беріледі – әкімдік мұндай несиені кімдер ала алатынын хабарлады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңадан бизнес ашқан адамдар 1 проценттік жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды облыстық әкімдік. 06.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-06T15:12+0500
2023-05-06T15:12+0500
2023-05-06T15:33+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңадан бизнес ашқан адамдар 1 проценттік жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды облыстық әкімдік. Биыл аймақта шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында "Mangystau business" бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Соның аясында өз ісін жаңадан бастаған жеке кәсіпкерлерге жылдық 1 проценттік кредит беріледі. Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев айтуынша, туризм саласына ден қою керек. Себебі өңірдің туристік тартымдылығын арттыру - облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі. 1 проценттік кредиттің шарттары: Бағдарлама аясында 50 жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Кредит алатын адамдарға жасқа байланысты шектеу қойылмайды. "Өңіріміздің әр ауылында қолөнермен айналысатын, киіз өңдеп, ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдарын жасайтын адамдар бар екеніне бірнеше рет назар аудардым. Неге осындай ерекше дүниелерімізді, жергілікті туризмді сапалы жаңа деңгейге шығармасқа" – дейді Ноғаев. Айта кетері, жыл басынан бері облысқа шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келіп кеткен. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Жыл басынан бері 6 рейс іске қосылған. Олар: Ақтау-Лондон, Ақтау-минералды сулар, Ақтау-Екатеринбург, Ақтау-Санкт-Петербург, Ақтау-Уфа мен Ақтау-Сочи.
https://sputnik.kz/20230426/nesiesin-tolemey-zhurgen-qazaqstandyqtarga-onlayn-kredit-aluga-tyyym-salynady-34301028.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, кредит
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында жаңадан бизнес ашқан адамдар 1 проценттік жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Биыл аймақта шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында "Mangystau business" бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Соның аясында өз ісін жаңадан бастаған жеке кәсіпкерлерге жылдық 1 проценттік кредит беріледі.
Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев айтуынша, туризм саласына ден қою керек. Себебі өңірдің туристік тартымдылығын арттыру - облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі.
1 проценттік кредиттің шарттары:
кредит көлемі – 50 миллион теңгеге дейін;
Бағдарлама аясында 50 жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Кредит алатын адамдарға жасқа байланысты шектеу қойылмайды.
"Өңіріміздің әр ауылында қолөнермен айналысатын, киіз өңдеп, ұлттық стильдегі қолөнер бұйымдарын жасайтын адамдар бар екеніне бірнеше рет назар аудардым. Неге осындай ерекше дүниелерімізді, жергілікті туризмді сапалы жаңа деңгейге шығармасқа" – дейді Ноғаев.
Айта кетері, жыл басынан бері облысқа шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келіп кеткен. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық.
Жыл басынан бері 6 рейс іске қосылған. Олар: Ақтау-Лондон, Ақтау-минералды сулар, Ақтау-Екатеринбург, Ақтау-Санкт-Петербург, Ақтау-Уфа мен Ақтау-Сочи.