Әлем

Лондонда III Король Чарльзге тәж кигізу рәсімі өтті

© BEN STANSALLКороль Карл III
Король Карл III  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2023
Жазылу
Салтанатты шара екі сағатқа жуық уақытқа созылды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Сенбі күні Вестминстер аббаттығында британдық монарх Чарльз III пен оның жұбайы Королева Консорт Камилланың тәж кигізу жорасы өтті. Трансляцияны Sky News арнасы жүргізді.
Салтанатты шараның басында монархқа бірқатар корольдік регалия табыс етілді. Одан кейін Кентербери архиепископы Джастин Уэлби монархтың басына Әулие Эдвардтың тәжін кигізді. Осы оқиғаның құрметіне Лондонда салют болды.
Дәл осы уақытта Лондонда монархияға қарсы наразылық шерулері өткен. Белсенділер Букингем сарайына қарай өтпек болғаны хабарланды.
Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, 19-ға жуық наразылық білдіруші ұсталған. Сонымен қатар, Трафальгар алаңына британдық монархияға қарсы шыққан екі мыңға жуық адам жиналды.
Жаңалықтар
0