https://sputnik.kz/20230505/ush-qabyrgasyn-syndyrgan-astanada-zholaushyny-urgan-politsey-sottaldy-34591218.html
Үш қабырғасын сындырған: Астанада жолаушыны ұрған полицей сотталды
Үш қабырғасын сындырған: Астанада жолаушыны ұрған полицей сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Астанада ұшақ жолаушысын тәртіпке салмақшы болған полицей 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 05.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-05T10:14+0500
2023-05-05T10:14+0500
2023-05-05T10:14+0500
жолаушы
полиция
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Астанада ұшақ жолаушысын тәртіпке салмақшы болған полицей 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Былтыр 21 желтоқсанда "Fly Arystan" компаниясы "Шымкент-Астана" рейсіне полиция жіберуді өтінген. Бортта мас жолаушы тәртіпке бағынбай, шу шығарған. Шымкенттен ұшып келген ұшаққа бірден патрульдік полиция барады. Жолаушыны хаттаманы рәсімдеу үшін арнайы бөлмеге жеткізеді.Мас жолаушы полиция бөлмесінен шығып кетуге тырысқан. Сол кезде полицейдің біреуі оны тәртіпке саламын деп, тізесімен бүйірінен бірнеше рет тепкен. Соның салдарынан жәбірленушінің үш қабырғасы сынған. Осылайша, тәртіп сақшысы қызметтік міндетін асыра пайдаланып, адамның денсаулығына орташа ауыр зиян келтірді.Полицей аппеляциялық шағым түсірді. Оның адвокаты үкімді өзгертіп, шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады. Себебі сотталушы полиция органдарында жұмыс істеп жүргенде ескерту алмаған, тәртіптік жазаға да тартылмаған. Жәбірленушімен татуласып, моральдық және материалдық шығынды өтеп берген.Аппеляциялық инстанция барлық дәлелді ескерді. Бірақ сотталушы құқық қорғау органының қызметкері бола тұрып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық жасаған. Кәсіби антын бұзды. Сондықтан экс-полицейдің өтініші қанағаттандырылған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолаушы, полиция
Үш қабырғасын сындырған: Астанада жолаушыны ұрған полицей сотталды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Астанада ұшақ жолаушысын тәртіпке салмақшы болған полицей 5 жылға сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Былтыр 21 желтоқсанда "Fly Arystan" компаниясы "Шымкент-Астана" рейсіне полиция жіберуді өтінген. Бортта мас жолаушы тәртіпке бағынбай, шу шығарған. Шымкенттен ұшып келген ұшаққа бірден патрульдік полиция барады. Жолаушыны хаттаманы рәсімдеу үшін арнайы бөлмеге жеткізеді.
Мас жолаушы полиция бөлмесінен шығып кетуге тырысқан. Сол кезде полицейдің біреуі оны тәртіпке саламын деп, тізесімен бүйірінен бірнеше рет тепкен. Соның салдарынан жәбірленушінің үш қабырғасы сынған. Осылайша, тәртіп сақшысы қызметтік міндетін асыра пайдаланып, адамның денсаулығына орташа ауыр зиян келтірді.
Полицей аппеляциялық шағым түсірді. Оның адвокаты үкімді өзгертіп, шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады. Себебі сотталушы полиция органдарында жұмыс істеп жүргенде ескерту алмаған, тәртіптік жазаға да тартылмаған. Жәбірленушімен татуласып, моральдық және материалдық шығынды өтеп берген.
Аппеляциялық инстанция барлық дәлелді ескерді. Бірақ сотталушы құқық қорғау органының қызметкері бола тұрып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық жасаған. Кәсіби антын бұзды. Сондықтан экс-полицейдің өтініші қанағаттандырылған жоқ.